Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қонаевта жағажай спортына арналған алаң жаңаша келбетке енді

Қонаевта жағажай спортына арналған алаң жаңаша келбетке енді

10 Шілде, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қонаев қаласында ел игілігіне арналған тағы бір нысан жаңғыртылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аумағы 2,1 гектарды алып жатқан спорт аймағы 2017 жылы салынған. Алайда, бұған дейін ешқандай жөндеу көрмеген. Биыл нысан тұрғындар талабына сай жаңартылды.

Аталған аумақта жағажай волейболы мен футболына арналған алаңдармен қатар, үстел ойындарына лайықталған орындар – тоғызқұмалақ пен шахмат үстелдері, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын және воркаут алаңдары орнатылған.

Ең көңіл қуантары – аумақтың ұлттық нақышта безендірілуі. Тротуар тастары қазақы оюлармен көмкеріліп, кіреберіс тұсқа халқымыздың көне ұлттық ойыны — алтыбақан қойылған. Алаң ортасына кеседен төгілген ақ сүт іспетті гүл композициясы орналастырылып, раушан гүлдері егілген. Айнала түгел көгалдандырылған. Жөндеу жұмыстарын ШЖҚ «Қонаев Көркейту» МКК жүргізді.

«Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау – басты мақсатымыз. Жағажай спорт алаңының дәл жанында Кроссфит алаңы бар. Қазірдің өзінде бұл аумақ күнделікті таңғы және кешкі мезгілде қала тұрғындарының ең сүйікті орнына айналды. Алдағы уақытта да қоғамдық орындарды абаттандыру жалғасады», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.

Ал тұрғын Айдос Ескелдинов болса, жаңа нысандардың пайда болып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

«Кешкі уақытта достарымызбен келіп, футбол ойнаймыз. Алаң өте жақсы салынған. Көңілімізден шықты. Спорт – денсаулық кепілі болғандықтан, халыққа пайдалы нысандар салынып жатқанына қуаныштымыз», – деді ол.

Естеріңізде болса, бұған дейін Қонаевта жаңа сквер салынып жатқанын жазғанбыз.

Оқылып жатыр

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Алматы облысында ауқымды инфрақұрылымдық жаңғырту жүріп жатыр

Марат Сұлтанғазиев Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы стратегиялық нысандардың құрылыс барысын тексерді

Балқаш ауданы диқандары биыл 7 мың гектардан астам жерге күріш еккен

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Соңғы жазбалар

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.