Қордай ауданында Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Б.Мухамеджанның қатысуымен «Заң мен Тәртіп» қағидатын дәріптеу аясында қылмыстылықты алдын-алу шараларын күшейту мәселелері мекемеаралық мәжілісте қаралды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Прокуратурамен жыл басынан бері тіркелген қылмыс динамикасы сарапталып, зорлық-зомбылық, жасөспірімдер қылмысы, жол-көлік оқиғалары және интернет-алаяқтық қылмыстарының өсуіне әсер етіп отырған факторлар анықталды.
Мәжіліс қорытындысымен профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша полицияның патрульдеу шараларын күшейту, білім беру ұйымдарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңейту және әлеуметтік тәуекел топтарымен жеке профилактиканы жетілдіруге тапсырмалар берілді.

