Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты
  • Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты
  • Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды
  • Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы
  • Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды
  • Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты
  • Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 16 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орта Азияда үздік ондыққа кірді — ректор

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Орта Азияда үздік ондыққа кірді — ректор

2 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің ректоры Жанар Темірбекова 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы ұжым және қоғам алдында есеп берді, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Жиынға Түркістан облысының құрметті азаматтары, облыс және қала әкімдігінің өкілдері, қоғам белсенділері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері, университет ұжымы мен студенттер қатысты.

«Құрметті ардагерлер, ақ жаулықты аналар, университет ұжымы мен сүйікті студенттер! Бүгінгі жиынды өткізуді 1-қазан күніне кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Себебі, дәл бүгін екі бірдей керемет мереке бар. Қос мерекеде сіздермен кездесіп, есеп беріп, болашаққа деген жоспарларымызбен бөліскіміз келді. Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Сондықтан осында жиналған барша ардагер ұстаздарымыз бен қала дамуына еңбегі сіңген ақсақалдар мен ақжаулықты аналарымызға алғыс айтамыз! Екінші маңызды мереке – жоғары білім қызметкерлерінің күні! Кез келген елдің болашағы, сол елдегі жоғары білімнің дамуы, ғылыми және инновациялық зерттеулерінің деңгейімен тығыз байланысты. Кәсіби мерекеміз құтты болсын, құрметті әріптестер! Ал, бүгінгі жиналудағы басты мақсатымыз – университет ұжымы мен Түркістан халқы, қоғам алдында есеп беру. Олай болса, жылдық есеп беру жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!»- деді университетінің ректоры Жанар Темірбекова

Жанар Темірбекова университеттің қайта қаралған миссиясы және старатегиялық мұратымен таныстырды. Сонымен қатар, өткен оқу жылында академиялық, ғылым, медицина, әлеуметтік, шаруашылық және өзге де бағыттарда атқарылған ауқымды шаралар туралы ашық ақпарат берді. 2023-2024 оқу жылында университет 993 білім грантын жеңіп алды. Осылайша, 2022-2023 оқу жылымен салыстырғанда грант саны 34% артты. Университет қабырғасында жаңа орталықтар және зертханалар іске қосылды. Оның ішінде: «Жеміс жидектерді өңдеу өндірістік цехі», «Turkistan EdTech Lab» Сoursera орталығы, Нанотехнологиялар және энергетикаға арналған жаңа материалдар» ғылыми зертханасы, Микробиология және биотехнология зертханасы, Мектептегі биологияны оқытудың инновациялық әдістері зертханасы, Микробиология және вирусология зертханасы, Интерактивті видео студия және т.б. ашылды.

Айта кетейік, жыл көлемінде 150-ге жуық ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды. 18-ге жуық халықаралық деңгейдегі конференциялар мен конгрестер өтті. Ғалымдардың мақұлданған гранттық жобалар саны да көбейді. Университет ғалымдарының гранттық жобалары аясында «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында ғалымдар 3D-принтерлер мен басқа да жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды. Оқу орданың кітапхана қоры да кеңейе түсті. 2023-2024 оқу жылында 15 068 518 тг көлемінде оқулықтар мен электронды кітапхана сатып алынды. Жалпы кітап қоры – 517 138. Өткен оқу жылында 7 оқытушы Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушысы» атанды. Ал, 10 оқытушы – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Университет ғалымдарының 9 ғылыми жобасы гранттық қаржыландыруға ие болды.

Университетінің клиника-диагностикалық орталығы – Түркістан қаласы бойынша 2023 жылы 24/7 тәулік бойы алғашқы үшінші деңгейдегі инсульт науқастарын қабылдай бастады. Неврология және интервенциялық нейрохирургия салаларындағы облыстық маңызды клиникаға айналды. Биыл оқу ордамыз әлемдегі ең ықпалды әлемдік университет рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings 2024 көрсеткіші бойынша 816-орынға ие болды. Сондай-ақ, білім мен ғылымға қатысты түрлі критерийлер арқылы бағаланатын – Asia University Rankings қорытындысымен Азия құрлығында — 203, Орталық Азия құрлығында — 7 орынға табан тіреді.

Атап өтер таңы бір маңызды бағыт – шаруашылық саласы. Өткен оқу жылында университет оқу ғимараттары мен жатақханаларды жөндеу, өзге де қажетті шаруашылық жұмыстары жүргізілді. Мәселен, университеттің және демеушілердің қолдауымен, оқу орнымыздың бұрынғы ректорлары және белгілі профессорлар ЛесбекТашимов және Серік Пралиев атындағы оқу залдары ашылды. Филология факультетінің акт залы, ҚР Халық артисті, профессор Райымбек Сейтметов атындағы сахна залы жаңа кейіпке енді. Сондай-ақ, осындай қарқынды жұмыстар аясында ҚР Халық артисті, профессор Қажыбек Бекбосынов пен ҚР Халық артисті, профессор Рахима Жубатурова атындағы қос аудитория да ашылды. №6 ғимаратының спорт залы да заманауи қалыпқа келтіріліп, ағымдағы жөндеуден өтті. Шаруашылық жұмыстары мұнымен шектелмейді.

Түркі әлемі жастарының басын қосқан білім ордасының 2023-2024 оқу жылында жеткен жетістіктері көп. Бұл жайлы ректор есебін тыңдаушылар да атап өтті. Жалпы, университетте бір жылда атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлық. Мұны ректор есебін тыңдауға келген құрметті қонақтар мен оқытушылар да атап өтті. Түркістан облысының тыныс-тіршілігімен таныс, қоғамда орын алып жүрген жағдайларға үнемі үн қосып жүретін ардагерлер оқу орнының жұмысына жоғары бағасын беріп, ақжарма тілектерін арнады.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

Мемлекеттік кеңесші Түркістан облысында ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді

Түркістанда қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі басталды

Түркістан қаласының әкімі білім саласы мен қауіпсіздік мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді

Түркістанда оқу жылының аяқталуы және шомылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды

Түркістан әкімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығында ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

15 Мамыр, 2025

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

15 Мамыр, 2025

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

15 Мамыр, 2025

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

15 Мамыр, 2025

Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады

15 Мамыр, 2025

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

15 Мамыр, 2025

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

15 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.