Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

ҚР Президенті мен Италия Министрлер кеңесінің төрағасы бірлескен мәлімдеме жасады

19 января, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелланың шақыруымен 18 қаңтар күні Италияға ресми сапармен барған болатын. Осыған орай Қ.Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелони бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Мәлімдемеде келесілер туралы айтылған:

  1. 2009 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімнің әрекет етуін атап көрсете отырып, біз екі ел арасындағы барлық деңгейдегі сенімді және тұрақты диалогқа көңіліміз толатынын білдіреміз. Қазақстан Италияның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі, ал Италия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең ірі сауда серіктесі және Қазақстан экономикасының жетекші инвесторларының бірі.
  2. Дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Италия байланыстарын өзара сенімге, ортақ құндылықтарға және тиімді ынтымақтастыққа негізделген берік серіктестікке айналдырғанын атап өтеміз.
  3. Біз Қазақстан-Италия ынтымақтастығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өттік және стратегиялық әріптестік рухында өзара мүддені көздейтін барлық саладағы байланыстарды әртараптандыруды және тереңдетуді жалғастыруға ниеттіміз.
  4. Біз экономика саласында 2023 жылғы 5 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Италия Премьер-министрлерінің орынбасарлары – Сыртқы істер министрлері қол қойған Бірлескен мәлімдемеге сүйене отырып, сауда-инвестициялық байланыстарды одан әрі дамыту үшін мол әлеует бар екенін атап өтеміз. Энергетика, табиғи ресурстарды барлау және өндіру, жасыл экономика, құрылыс, инфрақұрылым, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, ғылыми-технологиялық қызмет және консалтингтік қызмет –ынтымақтастықтың негізгі бағыттары. Екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына баса назар аудара отырып, біз Іскерлік кеңестің құрылуын құптаймыз.
  5. Қазақстан мен Италия арасындағы инвестициялық климатты жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жөніндегі келіссөздердің маңыздылығын атап өтеміз.
  6. Сондай-ақ біз қазақстандық және италиялық жетекші университеттер, атап айтқанда, ғылым және технология бағытына маманданған университеттер арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтудің маңыздылығын атап өтеміз.
  7. Біз мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниет білдіреміз.
    2023 жылғы 30 қарашада Алматы қаласындағы Орталық Азиядағы алғашқы Италия мәдени орталығының ресми ашылуын құптаймыз. Бұл екі ел халқын және мәдени байланыстарын жақындастырудың тағы бір қадамы болды.
  8. Тараптар Қазақстанның Венецияда өтетін Заманауи өнердің 60-шы халықаралық биенналесіне қатысуы Қазақстанның мәдениеті мен өнерін Италияда да, шетелде де танымал етуге ықпал ететінін атап өтті.
  9. Біз екі мемлекеттің 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада бір жақтан Қазақстан Республикасы, екінші жақтан Еуропалық Одақ пен оған мүше мемлекеттер арасында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдіреміз. Осы орайда біз 2022 жылғы 27 қазанда Астанада «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірінші саммитінің өткізілгенін құптаймыз.
  10. Орталық Азиядағы көлік және коммуникация саласында, атап айтқанда Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысты ірі бастамалардың іске қосылуына біздің көңіліміз толатынын атап өтеміз. Еуропалық Одақтың «Global Gateway» жобасын іске асыруға қолдау білдіреміз.
  11. Екі елдің Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық үшін берік және перспективалық негіз құруға, Орталық Азиядағы өңірлік диалогты нығайтуға деген ұмтылысын қуаттаймыз. Бұл – өркендеуге, тұрақтылық пен орнықты дамуға қол жеткізудің басты шарты. Біз «ОA+Италия» форматындағы кездесуді 2024 жылы Римде, ал 2025 жылы Қазақстанда өткізудің маңыздылығын атап өтеміз.
  12. Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің ынтымақтастықты одан әрі өрістету, бейбітшілікті нығайту, Орталық Азия аймағындағы достық, сенім және тату көршілік атмосфераны қалыптастыру, сондай-ақ олардың халықаралық аренадағы маңызын арттыру жолындағы рөлін жоғары бағалайды.
  13. Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы климаттық күн тәртібін одан әрі ілгерілету аясында Қазақстан Республикасының тиісті бастамаларын жоғары бағалайды, сонымен қатар Алматы қаласында қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құру, 2026 жылы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Аймақтық климаттық саммит өткізу жөніндегі ұсыныстарды ескереді.
  14. Екі елдің өзара құрмет қағидаты негізінде өзара ықпалдастығын нығайтуды құптаймыз. Қатар өмір сүру мен ынтымақтастықтың ортақ негізі ретінде БҰҰ Жарғысына толық құрметпен қарайтынымызды, сондай-ақ жаһандық және аймақтық деңгейде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ілгерілетуге және халықаралық көші-қон мәселелері бойынша диалогты одан әрі ілгерілетуге, соның ішінде Алматы процесі және Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты көпжақты форумдар аясында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген өзара ұмтылысымызды қуаттаймыз.
  15. Климаттық күн тәртібінің өзектілігі аясында біз 2023 жылы Дубай қаласында өткен Климат жөніндегі дүниежүзілік конференциясында (COP28) климаттың өзгеруіне қарсы күресте өзіміздің берік ұстанымдарымызды қуаттадық және жаһандық жылу деңгейін 1,5°-та ұстау жөніндегі мақсатты растауды құптаймыз.
  16. Қазақстан Республикасының Президенті Италия Республикасының Министрлер Кеңесінің Төрағасына «Үлкен жетілікте» табысты төрағалық етуіне тілектестігін білдірді.
  17. Қазақстан Республикасының Президенті Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасын жақын арада Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Еске салайық, Қ.Тоқаев 18 қаңтар күні ресми сапармен Италияға барды.

Айта кетейік, 19 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Ватикан мемлекетіне ресми сапармен барып, Рим Папасы Францискпен кездесу өткізеді.

Todayinfo.kz

бірлескен жасады Италия кеңесінің мен Министрлер мәлімдеме президенті төрағасы ҚР

Оқылып жатыр

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.