Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • «Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті
  • «Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті
  • Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «ҚТЖ қарызға батып жатқанда сіз үкімет басқардыңыз». Әлихан Смайылов депутаттың сұрағына жауап берді

«ҚТЖ қарызға батып жатқанда сіз үкімет басқардыңыз». Әлихан Смайылов депутаттың сұрағына жауап берді

12 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлихан Смайылов, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қарызға батып жатқанда Үкімет неге үнсіз қалғанын сұрады, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.

Бүгін Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының «Көлікті дамытуға және көлік саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы» есебі тыңдалды. Палата отырысында депутат Ерлан Сайыров ҚТЖ ұлттық компаниясы жайлы мәселе көтерді.

«Құрметті Әлихан Асханұлы, сіз ҚТЖ қаржылық жағдайы өте мүшкіл екенін айттыңыз. Біріншіден, шындықты айту керек, бұл жағдай сіз премьер-министр болып тұрғанда ушығып кетті. Сондықтан сізге сыпайы сұрақ қояйын: сол кезде осы мәселемен неге айналыспадыңыздар?

Екіншіден, сіз ұсынған есептің 4-қосымшасында «қызмет бабында пайдалану үшін», яғни «құпия» деген мәртебе берілген. Бұл ірі (қаржылық) заңбұзушылықтарға анықталған бөлімдер. Бұл «Қазақстан темір жолына» қатысты. Неге осы мәліметтер құпия деректер қатарына жатқызылды?

Біз «Қазақстан темір жолына» қашан қоғамдық бақылаудың тетіктерін енгіземіз? Есептегі 9-қосымша бойынша құқық қорғау органдарына қанша материал берілді? Сіздер жауып қойған «жабулы қазанның ішінде» жемқорлықтың «көкесі» жатқан жоқ па?», — деді депутат,

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мәселені Үкімет басшысы болғанда бақылауға алғанын, бірақ нәтиже болмағанын айтты.

«Кезінде біз аталған мәселелерді бірнеше рет көтеріп, тиісті салалық министрлікке де, «Қазақстан темір жолы» компаниясына да тиісті тапсырмаларды беріп, жұмысты талап еттік. Бірақ қабылданып жатқан шаралар толық көлемде жүрмей, тиімсіз болып жатыр. Сондықтан бұл мәселені тағы көтеруге мәжбүрміз», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатасы төрағасы есептегі құпия деректерге тоқталды.

«Енді аудиторлық іс-шараларды жүргізу барысында біз кейбір мәліметтерді уәкілетті органдардан сұрадық. Атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитеті және Табиғи монополияларды реттеу комитетінен. ҚТЖ-ның өзінен кейбір мәліметтер тек «қызмет бабында пайдалану үшін» деген гриффен келді. Бұл мәліметтерге мұндай грифтің қойылуы салалық заңнамаға байланысты. Сондықтан біз пайдаланылған аудиторлық материалдарға осындай грифф қоюға мәжбүр болдық.

Негізі бұл мәліметтер құпия емес, бұл тек жариялауға шектеу қойылған мәлімет. Дегенмен бұл 4 қосымша есепке қосылып, сіздердің қарауыңызға жіберілді. Бүгінде құқық қорғау органдарына 5 материал жіберілді. Онымен қоса, әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша 117 материал уәкілетті органдарға жолданды», — деді ол.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы ҚТЖ ұлттық компаниясының қаржылық жағдайы мүшкіл екенін айтты. Бүгінде ұлттық компанияның қарызы 3 трлн теңгеге жуықтаған.

басқардыңыз батып берді депутаттың жатқанда жауап сіз Смайылов сұрағына қарызға ҚТЖ Үкімет Әлихан

Оқылып жатыр

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

Соңғы жазбалар

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты деп кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

Түркістан: Кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

16 Қыркүйек, 2025

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.