Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Петропавл әкімдігі екі тұрғын үйді 340 млн теңгеге сатып алмақ

15 Қараша, 2025

Назарбаев Университетінде өткен «Жастар Жалыны – 2025» ауқымы кеңейіп, қатысушылар рекорд жаңартты

15 Қараша, 2025

Шешімі табылмаған мәселе шаш етектен: Петропавлда әкімдік екі үйді 340 млн теңгеге сатып алмақ

15 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Петропавл әкімдігі екі тұрғын үйді 340 млн теңгеге сатып алмақ
  • Назарбаев Университетінде өткен «Жастар Жалыны – 2025» ауқымы кеңейіп, қатысушылар рекорд жаңартты
  • Шешімі табылмаған мәселе шаш етектен: Петропавлда әкімдік екі үйді 340 млн теңгеге сатып алмақ
  • Бас прокуратура iPhone телефонын ұстайтындарға маңызды ескерту жасады
  • Өлім жолы: биыл Қазақстанда 30 мыңға жуық көлік апаты болды
  • Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
  • Қазақстанның Өзбекстанға салатын инвестициясын одан әрі ынталандыруға ниеттіміз — Мемлекет басшысы
  • Журналистке тілін көрсеткен судья қалай жазаланды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 16 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Сіңірген еңбегің жоқ. Құдай төбеңнен ұрады: Бекболат Тілеухан да Мұхтар Мағауин туралы жазба жариялады

Сіңірген еңбегің жоқ. Құдай төбеңнен ұрады: Бекболат Тілеухан да Мұхтар Мағауин туралы жазба жариялады

16 января, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Экс-депутат, әнші, жыршы Бекболат Тілеухан ҚР халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің қазасына байланысты пікір білдірді, деп жазады Todayinfo.kz. 

Бүгінде Түрияда тұратын Бекболат Тілеухан өзіне жол көрсеткен, жол сілтеп, нақты бағыт берген, шабытына шабыт қосқан адамның Мұхтар Мағауин екенін айтты.

«…“Қияндағы қыстауды” менің буынымдағы кітапқа жақын қазақтың оқымағаны кемде-кем. “Тазының өліміне” тәнті боп жүргенде Мағауиннің қадірін Ерік Асқаров, Таласбек Әсемқұлов, Тұрсынжан Шапай, Ғалым Доскендердің тамсануымен таныдым. Одан соң “Бес ғасыр жырлайды” мүлдем есімізді алды. Бір анық жайт –  Мағауин болмаса біз жоқпыз. Әнші емес, жыршы ретімді айтам. Күйді жырға телудің жалғасуы, қобызбен жырлау, қалыс бұрау, тамырлас елдердің дәстүрлі мұрасына үңілу бәрі-бәріне себеп боп қамшылаған Мұхтар Мағауин еді», –  дейді автор.

Ол жазушымен тұңғыш сапарға шыққан кезін есіне алды, бұл оқиға 1989 жылы Шет ауданының 60 жылдығына орай болған. Айтуынша, жазушы ел алдында сөйлеуге аса машықтанбаған, алйда жазуға өте шебер.

«Сол өңірдің баласы болғандығымнан ұшаққа мінгеннен мәртебелі мейманым көріп өзімше алды-артынан шығып қызмет көрсетіп-ақ жүрмін. Ол кезде қатты атақты болмасам да, әдеби ортаға танылып қалғам. Ағам ара-тұра естіп жүргенін айтты. Шын айтқанда, әдебиетінен басқа дүниеге қатты қадалып қызыға қоймайтын. Ұлан-асыр Ақсу-Аюлыдағы тойдың бәйге, айтыс, ән-жырын бәрін тамашалады. Жазуда өте шебер болғанмен, топ алдында сөйлеуге машықтанбаған. Әбіш, Ақселеу, Жәнібек ағалар секілді публиканы иіруге құлқы жоқ.

Сонымен, менің сахнаға шығатын кезегім келді. Тілеуімді ел де, өзім де тілеп жүрген шақ. Әнге сусап отырған ауылым айрықша қабылдады. Терге шомып отырып екі әннің орнына 7-8 ән кетті. Қошамет. Овация. Қосшы баласының өнеріне риза боп Мұхтар ағам да құттықтады. Адамға бір анықтап қарайтыны бар еді. Рентген секілді бүкіл жан-дүниеңді тінтіп-тіміскілеп шығатын жіті қарас. Қысылғаныңызға қарамай қарайды ағам. Өйткені оған керек. Болды!

Қайтарда АН-24-тің екі адамдық орындығына Бақыт апамның орнына шақырып алды да ақыл айтты. Мәңгілікке мөр басып бергендей анық сөз. Айқын бағдар! Айтқаны: “Әй, бала! Әншілігің әжептәуір екен. Әмбе зердесіз де емессің. Политехта оқыпсың. Зеректігің де болса керек. Қысқасы, талантты баласың! Бірақ  бір нәрсені есіңде ұста. Сен осындай дарынды болғаның үшін сіңірген зәредей еңбегің, титтей үлесің, жасаған жұмысың жоқ. Солай тудың. Алла солай жаратты. Болды. Енді осы құдайдың бергенін еселеп елге қайтармасаң құдай төбеңнен ұрады. Ішіп кетесің бе, берекең жоғала ма. Оңбайсың!”

Қамқорсығаныңыз ба, ұрысқаныңыз ба, мазағыңыз ба дегендей жасқана қарағанымда “ана ағаң құсап үкіңді желпілдетіп қыз қуып, қызық қуып арақ ішіп, ана ағаң құсап әлділерді жағалап ән салып жүрме. Дауысың қарлыққан күні қараңды батырасың. Қыруар қазына бар қазақтың қолына жетпеген. Жеткіз! Тап сен жеткізе аласың! Той қуып кетпе! Нақты мақсатты қу. Ұлы мұратты тап. Сонда қошамет пен құрмет өзі қуып жүріп табады сені.” Мағауин өзі айтып отырған соң менде ес қалмады», –  делінген жазбада.

Бекболат Тілеухан жазушыдан шабыт жөнінде сұрағанын айтады. Ол Мұхтар Мағауин өзіне де ,өзгеге де  салмақ салмағанын, арасында барып ақылын тыңдап жүрген кездері болғанын да дазды. Айтуынша, жазушы той-томалақтан қашқан.

“Шабыт деген ол –  дайындықтың нәтижесі. Бір нәрсені мақсат тұтасың. Дайындаласың. Сол төңіректе ақпарат жинайсың. Саралайсың. Бір жүйеге өзі ыңғайланбақ. Ішіңде жүріп піседі. Сосын отыра қаласың да жазасың. Тамағың тоқ, үйің жылы, денің сау, көңіл алаңсыз болмағы керек. Негізінен ерте таңның алдында отырамын жазуға. Сол уақыт берекелі болады. “Аласапыранның” дайындығына жастығым кетті десем болады. Ал жазуын сегіз-ақ айда жаздым. Былайша қияли шабыт іздеп ақымақ болма! Шабыт ол –  еңбекке берілген Алланың сыйы. Оны сұрап аласың, құрап аласың.”

Үйіне бармасам да жұмысына барып ақылын тыңдап кететін аз-кем араласым болды. Концертке келуге уақытын үнемдейтін. Үйлену тойымды ашып берді. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығына “Жұлдыздан” ұсынды. Салмақ та алмайтын, салмақ та салмайтын. Ұлтына берерін сарқып берді. Әр адам аңсайтын 85 деген жасын жасады. Арманы жоқ дерлік-ақ. Қалаулысын қимай қабырғасы қайысқан жұрт Алатаудың баурайына сыймай Кеңсайға қарай шеру тартып бара жатса деген арман сығалайды. Бұл жолы тағы “Мағауинше” қиыс тартты.

Жердің бәрі Алланыкі. Алладан келгенбіз, Аллаға қайтушымыз! Бабалар түскен бәз соқпақ. Бұрылып соған түскен екенсіз. Алдыңыздан жарылқағай!», –  деп жазды Бекболат Тілеухан.

Бекболат Тілеухан

Оқылып жатыр

Қазақстанның Өзбекстанға салатын инвестициясын одан әрі ынталандыруға ниеттіміз — Мемлекет басшысы

Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?

Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

Ел тарихтың тағы бір айналымына аяқ басты: президенттік сайлау таяп келеді – Бигелді Ғабдуллин

AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді

Соңғы жазбалар

Петропавл әкімдігі екі тұрғын үйді 340 млн теңгеге сатып алмақ

15 Қараша, 2025

Назарбаев Университетінде өткен «Жастар Жалыны – 2025» ауқымы кеңейіп, қатысушылар рекорд жаңартты

15 Қараша, 2025

Шешімі табылмаған мәселе шаш етектен: Петропавлда әкімдік екі үйді 340 млн теңгеге сатып алмақ

15 Қараша, 2025

Бас прокуратура iPhone телефонын ұстайтындарға маңызды ескерту жасады

15 Қараша, 2025

Өлім жолы: биыл Қазақстанда 30 мыңға жуық көлік апаты болды

15 Қараша, 2025

Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

15 Қараша, 2025

Қазақстанның Өзбекстанға салатын инвестициясын одан әрі ынталандыруға ниеттіміз — Мемлекет басшысы

15 Қараша, 2025

Журналистке тілін көрсеткен судья қалай жазаланды

15 Қараша, 2025

Париж көшесінде полицейлер оқ атты

15 Қараша, 2025

Мемлекет басшысы Палестинаны тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.