Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)
  • Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды
  • Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті
  • Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды
  • Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты
  • Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды
  • Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды
  • «5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 2 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Құлдыққа алып кеткен сияқты»: Түркістан облысында мал бағуға кеткен 38 жастағы ер адам бір айдан бері табылмай жатыр

«Құлдыққа алып кеткен сияқты»: Түркістан облысында мал бағуға кеткен 38 жастағы ер адам бір айдан бері табылмай жатыр

28 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында қой айдауға кеткен 38 жастағы Мақсат Атабаев іс-түссіз жоғалып кетті. Табылмай жатқанына бір ай уақыт болған азаматтың анасы ұлын бәз біреулер құлдықта ұстап отыр деп күдіктенеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

25 күннен бері ұлын телміре күткен Ұлжан Жәнібекованың айтуынша, баласы Жетісайдан Шардараға қой айдауға кеттім деп сол күйі үйге оралмаған.

“Көлікке мінген. Ол үйге қайтамын деген. Үйге қайтпай біреу алып кетті-ау соны. Сонымен әлі жоқ. Әкеліп салса сүйіншісі бар ғой. Бар үмітім сол менің. Қашан келеді, қашан келеді деп күніге жолына қарап, түнде терезе тықыр етсе, балам келіп қалды ма деп елеңдеймін”, – дейді Ұлжан Жәнібекова.

Мақсат үйленбеген, анасымен бірге тұрады. Ол осы уақытқа дейін әркімге бір жалданып, жұмыс істеген. Жақындарының айтуынша, азаматтың кез келген қара жұмысқа икемі бар. Содан болар біреулер құлдықта ұстап отыр деп күдіктенеді. Бұған Мақсаттың досының қатысы бар деп те ойлайды.

“Менің інім қой айдауға көмектесуге шыққан қасындағы досына. Екі күн далада түнейді ғой олар. Үшінші күні менің інім қырықжылдыққа бармаймын деп Датқа ауылда қалады ғой. Қалтасына ақша да салмай жіберген олар. Мүмкін оны таныстары ана жігітті алып кете салыңдар деп біреуге жол сілтеп жібере салуы мүмкін да. Мүмкін ол басқа машинаға мініп кетуі мүмкін. Не де болса, құлдыққа кетіп тұр ғой”, – дейді Мақсаттың әпкесі Айжан Атабаева.

Жақындары азаматты жер-көктен іздеген.

“Барлық жерді көрдік біз. Бөлімше, көлікжай. Қай жерде тастанды ғимарат бар. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Ешкім хабарласпайды. Полиция бірінші кезде үйді барып көрді. Одан кейін оларды көрмедік”, – дейді азаматтың туысы.

Полиция өз кезегінде іздестіру жұмыстары тоқтамағанын және бұл істің өз бақылауында екенін жеткізді.

Оқылып жатыр

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

Соңғы жазбалар

Су шайып кетті: Өскеменде 600 млн теңгеге жөндеу жүргізілген көпір жарамсыз болып шықты (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

Ресейге шұғыл экстрадицияланады: Путиннің қас жауының бірі Алматы әуежайында ұсталды

1 Қыркүйек, 2025

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

1 Қыркүйек, 2025

Алматыда бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды

1 Қыркүйек, 2025

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

1 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

1 Қыркүйек, 2025

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

1 Қыркүйек, 2025

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.