«Чемодан госсекретов» Telegram-арнасы бұл Токио мен Азиада Олимпиадасындағы сәтсіздіктерге байланысты екенін жазды.
«Құлыбаев спорттан қол үзді, сондай-ақ, ұйымның қызметін қаржыландырғысы келмеді деп айыпталып отыр. Ол толықтай республикалық бюджетке сүйеніп алған… Құлыбаевтың спорттан кетуі кәсіпқой спортшыларды дайындауға және бұқаралық спортқа деген көзқарастарды қайта қарауға әсер етеді», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ жазбада Кеңес Рақышевтің де Бокс федерациясының басшысы қызметінен кететіні туралы айтылған. Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев шайбалы хоккейден Қазақстан құрама командасын Канвондағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтаған болатын.