Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері
  • Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда
  • Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров
  • «Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады
  • Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды
  • «Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты
  • «Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты
  • Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Құмар ойындарды жарнамалаған: Есімі елге белгілі блогерлер жазаланатын болды

Құмар ойындарды жарнамалаған: Есімі елге белгілі блогерлер жазаланатын болды

28 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қаржы мониторингі агенттігі заңсыз ойын бизнесін тоқтату бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Агенттік мәліметінше, жыл басынан бері 34 блогердің онлайн ойындарды жарнамалауға қатысы бар екені анықталған. Олардың ішінде: Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев, Айтмаханов Тәуіржан, Тұрғанов Наиль, Диляра Аманқосқызы сияқты блогерлер бар, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 11 блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 23 контент жасаушыға қатысты материалдар мәдениет министрлігіне шара қабылдау үшін жолданған.

«Көбі заңды бір рет емес, жүйелі түрде бұзады», – делінген хабарламада.

Мәселен, хип-хоп орындаушы Baller (шын аты – Шыңғысхан Көпбаев) жыл басынан бері бес рет жауапқа тартылған.

600 мыңнан астам жазылушысы бар музыкант-блогер Ринат Шамшыраққа қатысты да онлайн казино жарнамалағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

«Сонымен қатар блогер Niko_nett пен инфлюенсер Қайсар Қамза да ерекше назарда. Соңғысы өзінің Telegram-дағы арнасында заңсыз ойындарды үнемі насихаттап, жалған жеңімпаздардың видеоларын жариялап келеді. Сол сияқты Наиль Тұрғанов онлайн казино жарнамасы үшін 8 млн теңгеден астам қаржы алған», – дейді агенттік өкілдері.

Ал Нұрғазы Тоқтаров (Nakonay Qarapaiym) әлеуметтік желілерінде азаматтарды заңсыз ойындарға тарту мақсатында агрессивті науқан жүргізіп, жарнама үшін 15,8 млн теңге алып, оның жартысына жуығын сол платформалардың өзінде ойнап ұтылып қалған.

Қажы мониторингі агнеттігі бұл істе қыздар да белсенді екенін атап өтеді.

«Мәселен, Мариям Құлжабаева (@oomariko) интернет казинода тіркелуге шақырған қарапайым стористерін 350 мың теңгеге бағалаған. Ал оның құрбаны болған отбасылар миллиондаған қаржысынан айырылып жатыр», – делінген хабарламада.

Оған қоса, Зухра Хакиева, Диана Халметова, Әсем Аубакирова, Арина Байкова, Күмісай Айымбетова және басқа да блогерлердің аты белгілі.

«Осылайша, онлайн казино жарнамасы ойынға тәуелділікке бастайтын негізгі арна екенін біле тұра, аталған блогерлер өз істерін жалғастырып жатыр. Олар адамдардың тағдырына немқұрайлы қарап, отбасылардың күйреуіне себеп болуда. Миллиондаған табысқа кенелген блогерлер айыппұлдарын төлеп, заңсыз әрекетін қайта жалғастырып жүр. Осыған байланысты Агенттік мұндай әрекеттерді Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-тармағы (Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi) аясында заңсыз ойын бизнесіне көмектесу ретінде қарастыруға ниетті», – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері.

Агенттік жарнама түріндегі контент таратумен айналысатын әрбір тұлға заңды қатаң сақтауға тиіс екенін ескертеді.

Ведомсто мәліметінше, кейінгі екі жарым жылда 205 жасырын казино жабылып, олардың жұмысына қатысы бар 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ел ішінде заңсыз гемблинг фактілері толық дерлік жойылған.

Алайда қазір негізгі қауіп шетелде тіркелген онлайн казинолардан туындап отыр. Олар еліміздің азаматтарын құмар ойынға тартып, оларды лудомания құрбанына айналдыруда. Қазақстан аумағында олардың қызметіне «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес толықтай тыйым салынған.

«Осыған орай жыл басынан бері 34 шетелдік онлайн платформаның негізінен «айнасы» болып саналатын 17 мыңнан астам сілтеме бұғатталды. Ерекше алаңдататыны – қазақстандық төлем ұйымдарының қолдауы, олар депозиттерді толықтыру мен қаражатты шешуді (кэшаут) қамтамасыз етіп отыр. Мұндай қаржылық «делдалдардың» бірқатары анықталды. Агенттік жақын уақытта олардың қызметіне құқықтық баға береді», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, агенттік өкілдерінің жазуынша, онлайн казинолардың қызметі көбіне есірткі саудасынан мен қаржылық алаяқтықтан түскен қылмыстық табысқа негізделеді.

Фото: inbusiness.kz

Оқылып жатыр

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

4 Қыркүйек, 2025

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

4 Қыркүйек, 2025

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

4 Қыркүйек, 2025

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

4 Қыркүйек, 2025

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

4 Қыркүйек, 2025

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.