Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Құны 12 млрд теңге»: Ақмола облысында алып спорт кешені салынбақ

26 Шілде, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақмола облысының Степногорск қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасын қалау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жаңа орталықты “Алтыналмас” алтын өндіру компаниясы акционерлер тобының бастамасымен және директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Жұманбаевтың қолдауымен қаржыландырып отыр. Жоба Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Болашақ кешен барлық санаттағы тұрғындарға қолжетімді заманауи спорт орталығы болмақ. Кешенде 40 заманауи құрылғымен жабдықталған жаттығу залы, 30 адамға арналған бассейн, оның ішінде қозғалысы шектеулі жандарға арналған алты арнайы орын, 320 көрерменге лайықталған трибуналары бар баскетбол және волейболға арналған әмбебап ойын залы, бокс, күрес, гимнастика және үстел теннисіне арналған мамандандырылған залдар секілді нысандар болады. 

Нысанның жалпы аумағы шамамен 6 мың шаршы метрді құрайды. Кешеннің айналасында кең автотұрақтар, жасыл аймақтар, орындықтар мен спорт алаңдары салынады. Жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

“Көпфункциялы дене шынықтыру-сауықтыру кешені – бұл жай ғана ғимарат емес. Бұл – болашақ ұрпақтың саулығына, өңірдің дамуына және белсенді, мықты қоғам қалыптастыруға бағытталған инвестиция. Мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің арқасында біз қаланың өмірінде маңызды орын алатын спорт орталығын салып жатырмыз”, – деді “АК Алтыналмас” АҚ Басқарма төрағасы Баламир Маханов.

Алтын өндіруші компания Степногор қаласында бірқатар әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырған: аралас жекпе-жек залы жаңартылды, Ерте араласу орталығы ашылды, сондай-ақ Altynalmas MetLab зертханасы іске қосылды. Аталған нысандардың барлығы мемлекет меншігіне өтеусіз берілді.

“Алтыналмас” компаниясы мұндай жобалар тек күнделікті тұрмыс жағдайларын жақсартып қана қоймай, тұрақты қауымдастықтар құруға: білікті мамандарды тартуға, жастарды туған жерінде қалып, дамуға ынталандыруға және бизнес пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Компанияның әлеуметтік бастамалары аясында салынған барлық нысандар мемлекет меншігіне қайтарымсыз негізде беріледі. “Алтыналмас” жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, олардың бірқатары қазір іске асыру кезеңінде.

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.