Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

8 Қыркүйек, 2025

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

7 Қыркүйек, 2025

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады
  • «Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті
  • Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген
  • Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды
  • «Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған
  • «Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ
  • «Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды
  • Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Құтқарыңыздар, мені отаныма қайтармаңыздар». Бас прокуратура шешен белсендісі туралы түсініктеме берді

«Құтқарыңыздар, мені отаныма қайтармаңыздар». Бас прокуратура шешен белсендісі туралы түсініктеме берді

4 Шілде, 2025 Қоғам
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шешен белсендісі Мансур Мовлаевке қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz сайты Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Мовлаевтің ұсталғаны туралы

Ведомствоның мәліметінше, Ресей азаматы Мансур Мовлаев 2025 жылдың 13 мамырында Алматы қаласында ұсталған.

«М. Мовлаев РФ Шешен Республикасының Шали ауданы полициясы жариялаған халықаралық іздеуге байланысты ұсталды. Оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 163-бабының 1-бөлігі және 163-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы (екі рет бопсалау) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған», – деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы.

2025 жылдың 16 мамырында Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты Мовлаевті 40 тәулікке уақытша қамауға алу туралы санкция шығарған.

Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрады

Мансур Мовлаев Қазақстаннан босқын мәртебесін беруін сұрады. Бас прокуратураның хабарлауынша, оның өтініші қаралып жатқандықтан, әзірге экстрадицияланбайды.

«Қазақстан Республикасының «Босқындар туралы» Заңына сәйкес, босқын мәртебесін сұраған тұлғалар өтініші толық қаралғанға дейін, соның ішінде шағым беру мерзімі аяқталғанша, Қазақстан аумағында болуға құқылы. Мовлаев М. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына босқын мәртебесін беру туралы өтініш берді. 2025 жылғы 21 мамырда оған босқын мәртебесін сұраушы тұлға куәлігі берілді. Сондықтан оны экстрадициялау туралы мәселе осы өтінішке қатысты түпкілікті шешім қабылданғаннан кейін ғана қаралады», – деп қосты Бас прокуратура өкілдері.

Мансур Мовлаев кім?

Мансур Мовлаев 1995 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Өз елінде ол оппозициялық қозғалыстың мүшесі болған, сондай-ақ шешендерге жасалған репрессиялар мен із-түзсіз жоғалғандар туралы ақпарат жинаған. Бұған дейін Мовлаев екі жыл бойы есірткіге қатысты қолдан жасалған іс бойынша түрмеде отырғанын мәлімдеген. Кейін ол елден қашып, алдымен Қырғызстанға, одан кейін Қазақстанға келген.

Адвокаттарының айтуынша, Мовлаев шешен түрмесінде азаптауға ұшыраған. Бұл фактіні дәлелдеу үшін олар Стамбұл хаттамасына сәйкес психолог сараптамасын жасауды ұсынған.

«2022 жылы қорғауымыздағы адамға азаптау қолданылған. Әрине, бізде бұл оқиғаны нақтылайтын дәлел жоқ. Мансур бұл туралы өзі айтты – біз, адвокаттар, оған сенеміз. Бірақ біз лицензиясы бар психологпен бірге жұмыс істеуін, оның шын мәнінде азаптау көрген-көрмегенін анықтауын қалаймыз. Бұл – азаптау бойынша әдеттегі тергеу ісі. Мұндай дәлелдерге бағаны сот береді. Біздің мақсат – бұл сараптаманы алып, босқын мәртебесін беру туралы комиссияға ұсыну және халықаралық ұйымдарға жүгіну», – деді адвокат Рена Керимова.

Алайда бұл психолог маман Алматы СИЗО-да отырған Мовлаевпен кездесуге жіберілмеген.

Мансур Мовлаевтің үндеуі

2025 жылдың 20 мамырында шешен оппозициялық белсендісі Мансур Мовлаев шешен және қазақ халқына ашық хатпен үндеу жасады.

«Мені Шешенстанға экстрадицияламас үшін бар күш-жігеріңізді салуыңызды сұраймын.

Мен отанында жүрген шешендердің мені ашық қолдай алмайтынын түсінемін, себебі олар да қысымға ұшырауы мүмкін. Сондықтан мені тек ТМД аумағынан тыс тұратын шешендер ғана ашық түрде қолдай алады. Сіздерден үнсіз қалмауды, қолдан келгенше көмектесуді сұраймын.

Сонымен бірге мен Қазақстан халқына да үндеу жолдаймын. Қазақ Еліме! Қиын-қыстау кезеңде сіздер менің халқымды жалғыз қалдырмай, 1944 жылы аштық пен қырғыннан құтқарып, бауырына бастыңыздар – біз мұны ұмытқан жоқпыз және сіздерге мәңгі алғыс айтамыз. Бүгін, арада қанша жыл өтсе де, сіздердің сол кезде құтқарған халықтың бір ұрпағы ретінде мен сіздерден көмек сұрауға мәжбүр болып отырмын. 1944 жылы халқымды құтқардыңыздар, ал бүгінде менің өмірімді құтқарып қалуларыңыз мүмкін.

Қазақ Елі! Барлық мүмкін жолмен маған қолдау көрсетулеріңізді сұраймын! Бұл флешмоб түріндегі ақпараттық қолдау немесе кез келген басқа әдіс болуы мүмкін.

Мен Қазақ елі кешегі ата-бабаларымды құтқарғаны секілді, бүгін менің өліміме себепкер болып кетпесе екен деймін. Шешен халқы үшін Қазақстан – екінші үй, ол әрдайым қорған, пана болған. Сондықтан дәл бүгін, менің өміріме қауіп төнген сәтте, мені елден шығармаңыздар», – делінген Мовлаевтің хатында.

Өмірінен қауіптенеді

Адвокат Рена Керимованың айтуынша, СИЗО-да отырғанның өзінде Мовлаев өз өмірінен қатты қорқады. Ең бастысы – оны отанына депортациялап жіберуі мүмкін деген үрей.

«Ол қатты қорқады. Маған: «Мен Шешенстанға барғанша, осында өлгенім артық», – деп ашық айтты. Оны түсінуге болады – еш кінәсі болмаса да азапталып, өлтірілу үшін барудан гөрі Алматыдағы тергеу изоляторында тыныш қаза тапқан артық», – деді адвокат 11 маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Оқылып жатыр

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

30%-ға қымбаттайды: Елімізде енді бір адам тәулігіне 140 литрден артық су пайдалана алмайды

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

Белгілі мәдениеттанушы, ғалым Мұртаза Бұлұтайдың ұсынысы қоғамның қызу талқысына түсті

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

Соңғы жазбалар

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

8 Қыркүйек, 2025

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

7 Қыркүйек, 2025

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

7 Қыркүйек, 2025

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

7 Қыркүйек, 2025

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

7 Қыркүйек, 2025

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

7 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.