Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

3 Қараша, 2025

«Ресми түрде ажырастық»: Мөлдір Мұқанова көңілдесіне кеткен күйеуіне бола ұзақ уақыт балалары мен туыстарын алдаған

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды
  • Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды
  • «Ресми түрде ажырастық»: Мөлдір Мұқанова көңілдесіне кеткен күйеуіне бола ұзақ уақыт балалары мен туыстарын алдаған
  • «Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті
  • Астана көшесінде мас судья ұсталды
  • «Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады
  • Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды
  • Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 3 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Құтыдағы сәбидің құны»: Қыз-келіншектер аналық жасушасын өтікізіп, 400 мың теңге таба алады

«Құтыдағы сәбидің құны»: Қыз-келіншектер аналық жасушасын өтікізіп, 400 мың теңге таба алады

12 Маусым, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

25 жасында күйеуге шыққан Айман Жаманаеваның бала көтере алмай жүргеніне 11 жылдан асқан. Ол 36 жасқа келсе де құрсағына сәби бітпегеніне өзін кінәлайды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

2017 жылы құрсағына біткен сәбиі 5 айлық кезінде жүрегі тоқтағандықтан дәрігерлер оған түсік тастатып, 4 мәрте жатырын тазалапты. Айман енді нәресте сүйе алмай, көз жасын көлдетіп жүр. Өзі Шымкенттің келіні болғандықтан, күн сайын туыстарынан бастап ата-енесіне дейін «етегіңе бала оратылды ма» деп сұрай беретін көрінеді. Тығырыққа тірелген келіншек Астанадағы IRM клиникасынан көмек болар деп арнайы келіпті.

«Мен енді эко арқылы бала сүйсем деп, сонау Шымкенттен Астанадағы IRM Clinic-на арнайы келіп жүрмін. Өзім балабақшада 130 мың теңге айлық алатындықтан, эко жасатуға ақшам да жоқ. Астанаға келуімнің бір себебі жағдайымды айтып, тегін квота алсам деген арманым бар» — дейді Айман Жаманаева.

Дегенмен Алматы мен Шымкентте ашылған IRM Clinic-да 30 жылдың ішінде 30 мыңнан астам сәби жарық дүниеге келген. Білікті репродуктологтарды қарамағына жиған клиника осыдан бір жыл бұрын Астана қаласынан да арнайы бөлімін ашты. Осылайша жаңа ғимаратта еліміздің солтүстігі мен батысынан арнайы келетін әйелдер үшін эко жасатуға мүмкіндік туды. Ал, аталмыш клиникада 15 жыл бойы талмай еңбек етіп келе жатқан репродуктолог Ляззат Айтқожина ханымның айтуынша, әйел адам тұрмысқа шыққаннан кейін, 1-2 жылдың ішінде бала болмаса ойлана бастау керек. Көптеген әйелдердің эко жасатуға жағдайы келе бермейтіндіктен, 15 әйелге байқау негізінде 15 тегін квота бөлуді жөн көрген.

Мақсат — бала сүйе алмай, басын тауға да тасқа да ұрып жүрген әйелдерге үміт отын сыйлау. Соған орай 15 квотаның біреуі 47 жастағы Қарашаш атты әйелге бұйырды. Қарашаштың екі баласы бірдей өртеніп кеткендіктен 47 жастағы келіншек, өмірден үмітін үзе бастаған. Өміріндегі өкінішін айтып жылап еңіреп келген анаға эко арқылы жатырына эмбрион қондырған мамандар енді оның нәтижесін күтіп отыр.

Бүгін де 47 жастағы Қарашаштың жатырындағы сәби жетіліп келеді дейді мамандар. Ал байқаудың басты шартында — тек өз өмірің туралы, не себепті бала сүйгің келетіні жайлы хат жазу керек. IRM Clinic-тің басшылығы енді тегін эконың үміткерлерін анықтайды.

                           Көк туды желбіреткен спортшы Динара эко арқылы бала сүймек

«Жалпы немере неге жоқ, бала неге жоқ деп туыстар да, ата-ана да отырғызбайды ғой. Кез-келген әйел бәрібір дәрігерге қарала бастайды. Сол кезде, өзінде жолдасында ақаулар шықса, емделіп көреді. Емге көнсе көнді, көнбесе экоға жүгіне бастайды. Қазақстанда жалпы баласыз отбасы өте көп екен. Ол біз сияқты дәрігерлерге байқала бермейді. Біз байқау жариялағаннан кейін 3-4 күннің ішінде 600 ден астам өмірбаян жазылған. Тағдырларын оқып жүрегім езілді. Сөйтіп бір эконы Жетісайда тұратын келіншекке тегін бердік, екіншісін Алматыда жалғыз қызы биік үйден секіріп қайтыс болған әйелге көмек ретінде берейік деп шештік. Енді біреуін көк байрағымызды аспанға көтерген спортшы келіншек Динараға беруді жөн көрдік. Врачтар сіздерді қабылдайды, конкурсқа қатысасыздар. Енді 7 орын қалды»,  — деді репродуктолог Ләззат Айтқожина.

Бүгін де елімізде ер азамат пен әйелдердің де ұрық саны жеткіліксіз. Әсіресе Ооцит (әйелдердің жұмыртқа жасушасы) мен ер азаматтардың шәуетінен база жасақтап қою үшін клиника 20 мен 35 жас аралығындағы әйелдер мен ерлерді донор болуға шақырады. Егер әйел өз жұмыртқа жасушасын өткізіп донор боламын десе 400 мың теңге сыйақы алады.

«Маған көптеген әйелдер экомен бала тусам ғой, көмектесіңізші деп жиі келеді. Әсіресе Шымкент жақтың әйелдері көп жылап келеді. Тіпті «4-5 қызым бар, күйеуім ұл тумадың» деп айтқанын үшінде  келетін әйелдер де көп. Алайда байқауға тек балалары мүлдем жоқтарды ғана таңдаймыз. Себебі күйеулері ұл қалайды екен деп күйеулерінің қалауын орындайтын мүмкіндік жоқ. Және ол әділетсіздік болар еді. Енді 20 маусымға қарай тағы біраз әйелге квота береміз. Өйткені өсіп өркендеп жатқан компания жағдайы жоқ әйелдерге тегін квота берсе, ол қаншама келіншектің көз жасын сүртеді», — деді журналист әрі байқауды ұйымдастырушы Гүлмира Әбіқай. 

Бүгінде көптеген экоға жүгінетін отбасылардың 50 пайызында әйелдердің Ооциті (әйелдердің жұмыртқа жасушасы) жарамайтын болған. Ал ер адамның тұқымы да жарамай қалған күнде көптеген әйелдер орталықтан шәует сатып алуға жүгіне береді. Оның бағасы аса қымбат емес.

                                   Бөтен еркектің ұрығын сатып алу — 150 мың теңге

«Кейбір ер адамдардың ұрығы жарамай қалған жағдайда інісінен,  кейбірі бөлелерінен алып жатады. Егер ешкімді шулатқымыз келмейді, ешқандай туыс білмей-ақ қойсын десе, орталықтың донорынан алуға болады. Астанадағы орталықта 90 мың теңгеге, ал Алматыда 150 мың теңгеге донор ерлердің ұрықтарын сатып алуға болады. Әр орталықта донор еркектердің кішкентай күніндегі фотоларын қойып қоямыз. Үлкен кездегі фотолары анононимді түрде болады. Ұлты, бойы, салмағы, көзі туралы, шашы туралы мәліметтер жазылады. Бәрібір туғаныңа ешкім жетпейді, танымайтын біреуден алғанша. Басқа бір донордікінен туып алып, бұл кім екен деп отырғаннан гөрі өзінің жақындарыңның тұқымы жақсы. Мүмкін қан беру керек болып қалса да сол донорды тауып барып ала алмайсың дегендей. Генетикалық руы жазылмайды ол жерде. Тұқым қуалайтын ауруы бар ма, жоқ па? Оны да біле алмайсың. Тек дені сау еркек. Шәуетін әкеледі де өткізеді. Көп адамдар өз туғандарының алып қашпа әңгімелерінен қашатындықтан біздің орталықтардан ұрық алады» — дейді репродуктолог Ләззат Айтқожина. 

Дегенмен туысқанының ұрығын алып салған күнде оларда проблема туындамас үшін әлгі отбасы клиникамен келісімшартқа отырады.

                                              Эко жасату құны — 1,5 млн теңге

Бүгінде тапсыратын анализдерін есептемегенде клиникада эко жасату құны 1 млн 300 немесе 1 млн 500 мың теңге болады. Біреу үшін ол үлкен ақша болса, енді біреулер үшін ол мардымсыз қаржы. Эко саласында эмбриондарды тазалап, оны өсірумен айналысатын эмбриолог Алдияр Мұхтарұлы әйелдердің жатырына салынған әрбір ұрық нәтижелі болуы үшін жасанды зерденің көмегіне жиі жүгінетіндерін айтады.

«Біз эмбриондағы өзгерістің барлығын арнайы журналға жазып қоямыз. Себебі кез-келген уақытта база істен шығып қалса, ақпараттың бәрі қағаз журналда сақталып тұрады. 10 эмбрион болса, әрқайсысының балы әртүрлі болады. Жасанды интеллект балл береді. Біз мықты деп есептеген ең күшті эмбрионға төмен балл беруі де мүмкін. Жасанды зерде 14 түрлі өсу нүктесін анықтайды. Жасанды зерденің және өзіміздің зерттеуімізге сүйене отырып шешім қабылдаймыз. Эмбриондардың өзін қызыл, сары, жасыл түс деп түстерге бөлеміз. Жасыл түсті эмриондар олар нәтиже береді. Сары топқа түскен эмриондар олар орташа ұрықтар», — дейді эмбриолог Алдияр Мұхтарұлы.

Мамандар медицина дамыған заманда үйде «балам жоқ» деп қол қусырып отыра бермей, алдыға қадам жасау керек дейді. Бүгін де карьера қуып, күйеуге тимей, шапқылап ақша мен мансаптың соңына түскен қыз-келіншектерге мамандар ертерек өздерінің аналық жұмыртқа жасушасын КРИОБАНК-ке қатырып қоюға кеңес беруде. Себебі экологияның нашарлығы, стрессті жағдайлар мен тағамның құнарсыздығы демография саласының төмендеуіне әсер етіп жатыр.

Ал 40 жасында күйеуге тиіп, бала сүйе алмаған танымал журналист тегін квота ұтып алды. Енді ол жуық арада өзіне эко жасатпақ.

Оқылып жатыр

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 қарашадан бастап бәрі өзгереді: жаңа заңдардың сізге тигізетін 5 әсері

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Қазақстандағы шетелдік маркетплейстер: Жаңа талап – ҚҚС төлеу, әйтпесе бұғаттау

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Соңғы жазбалар

Алматының Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды

3 Қараша, 2025

Жамбыл облысының әкімдігі 272 млн доллардың инвестициялық келісімдеріне қол қойды

3 Қараша, 2025

«Ресми түрде ажырастық»: Мөлдір Мұқанова көңілдесіне кеткен күйеуіне бола ұзақ уақыт балалары мен туыстарын алдаған

3 Қараша, 2025

«Мәжілістен күйеуін, мәслихаттан қатынын босатыңдар»: Айгүл Орынбек журналистерге араша түсті

2 Қараша, 2025

Астана көшесінде мас судья ұсталды

2 Қараша, 2025

«Жалақысын талап еткен»: СҚО-да жұмысшы фермерді атып тастады

2 Қараша, 2025

Пойызда 10 адамды пышақтап кетті: сұмдық оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды

2 Қараша, 2025

Алматыда медициналық ұйымдардағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексеріліп жатыр

2 Қараша, 2025

«Бұрын бір театрда бірге болған»: Перизат Қайрат пен Саят Медеуовтің құшақтасқан суреті тарады

2 Қараша, 2025

«Күйеуі көзіне шөп салған әйелдер түнімен ұйықтамады»: Дана Нұржігіт Тұрсынбек Қабатов туралы пікір білдірді

2 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.