Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады
  • «Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты
  • Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»
  • Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін
  • Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Құтырмандан жыл сайын әлемде 300 мыңға дейін адам өледі

Құтырмандан жыл сайын әлемде 300 мыңға дейін адам өледі

29 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жыл сайын әлемде бұл аурудан 300 мыңға дейін адам мен миллионға жуық жануар өледі. Құтырма Қазақстан Республикасындағы ауыр аурулардың бірі. Құтырма – аса қауіпті инфекциялық ауру, оның қоздырғышы вирус, жүйке жүйесін зақымдап, дерттің соңы алдын ала егу жүргізілмесе әрқашан науқастың өлімімен аяқталады. Ауыздан көбіктенген сілекей ағу, агрессивті іс-әрекет, жүйке ұстамалары – бұлардың барлығы құтырма вирусымен шақырылатын аса қауіпті аурудың белгілері.

Жұқпа көзі жабайы жануарлар: қасқыр, түлкі және т.б., сонымен бірге үй жануарлары да бола алады, олар: ауылшаруашылық малдары (ірі мүйізді мал, ұсақ  мүйізді мал, жылқы, шошқа) және үй жануарлары (ит, мысық). Құтырма ауру жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейлеуінен жұғады.
Жануардың ауру екенін бірден байқауға болады деген түсінік қателік. Кейде вирус жануардың сілекейімен ауру белгілері пайда болған уақыттан 3-10 күн бұрын бөліне бастауы мүмкін. Көптеген жағдайда адамдар ит қауып алғанда сау болған деп, дәрігерге бармайды. Мұндай жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінбей, соңы қайғылы аяқталып жатады.

Аурудың жасырын кезеңі 7 күннен 1 жылға дейін созылады. Жасырын кезеңнің ұзақтығы жарақаттың түскен жеріне, ауырлық дәрежесіне, ауырған адамның жасына (ересектерге қарағанда, балаларда қысқа уақыт болады), жануардың түріне  байланысты. Аурудың алғашқы белгілері: тістелген жердің қышуы, жазылған жарақаттар мен тыртықтардың қайтадан қабынуы. Құтырмамен ауырған адам тұйық болады, адамдармен араласудан қашады, ұйқысы бұзылып, әлсіздік пайда болады. Аурудың бастапқы кезеңі өткеннен кейін дене қызуы көтеріледі, суды көргенде немесе есіне түсіргенде жұтынуы бұзылуы мүмкін. Көп ұзамай аэрофобия, яғни ауаның кез-келген қозғалысы, науқаста қылқынумен жалғасатын  ұстамаға әкеліп соғады, ондай жағдай жарық түскенде (фотофобия), қатты дыбыстан (акустикофобия) да болуы мүмкін. Ұстаманың соңында ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп, жүрек немесе тыныс алу орталығының салдануынан науқас қайтыс болады. Аурудың орташа ұзақтығы 3 – 8 күн.

“Құтырманың алдын алу үшін әрбір адам иттер немесе басқа жануарлардан  жарақат алған жағдайда сабынды су ерітіндісімен жараны жуып, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Барлық емханалар кез келген жануарлардан жарақат алған адамдарға медициналық көмек көрсетеді. Антирабиялық екпені травматологиялық немесе хирургиялық кабинеттер жүргізеді. Вакцинация 3 немесе 6 екпеден тұруы мүмкін. Құтырмаға қарсы егуден кейін асқынуларды болдырмау үшін, егу кезінде және егуден кейін 6 айға дейін алкоголь ішімдіктерін ішуге тыйым салынады. Екпеден бас тарту қатерлі дертке алып келетінін ұмытпаңыздар”-, дейді Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Құтыруға қарсы негізгі профилактикалық іс — шараларға бірінші кезекте үй жануарларын құтыруға қарсы міндетті жыл сайынғы профилактикалық вакцинациялау жатады, сондай-ақ оларды ұстау ережелерін сақтау (тіркеу, тұмсықтарды қолдану, байлау және т.б.) қажет. Сонымен бірге иесіз иттер мен мысықтарды аулау  және оларды жою жұмыстары жүргізіледі.

Оқылып жатыр

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

Соңғы жазбалар

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025

Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»

21 Қыркүйек, 2025

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

21 Қыркүйек, 2025

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

21 Қыркүйек, 2025

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.