Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

16 Қыркүйек, 2025

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді
  • «Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген
  • Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды
  • «Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді
  • Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»
  • «Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды
  • Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қуыршақ театры 88-ші маусымын «Етік киген мысық» спектакльдерімен жаппақ

Қуыршақ театры 88-ші маусымын «Етік киген мысық» спектакльдерімен жаппақ

25 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қуыршақ театры 88-ші маусым шымылдығын Николай Гогольдің «Шекпен» және Шарль Перроның «Етік киген мысық» спектакльдерімен жаппақ!

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры мерейлі 88-ші маусым шымылдығын 29 маусым күні сағат 12:00-де француз жазушысы Шарль Перроның әлемге әйгілі балаларға арналған «Етік киген Мысық» ертегісімен және жасөспірімдер мен ересектерге бағытталған белгілі классик қаламгер Николай Гогольдің «Шекпен» спектаклімен жабуды жоспарлауда.

Тамырлы тарихы ғасырға жуық Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры үшін 88-ші маусым тағылымды қойылымдарға, жарқын жеңістерге, зор жетістіктерге, жағымды жаңалықтарға толы елеулі сәттерімен есте қалды.

10 жылдан кейінгі қуыршақ театрының жаңаруы – 88-ші маусымның елеулі оқиғалары қатарында. Қуыршақ театрының ғимараты, фойесі, сахна кеңістігі, көрермен және дайындық залдары, грим бөлмелері, гардероб, санитарлық-гигиеналық және басқа да орындар толықтай күрделі жөндеуден өтіп, театр қызметкерлері жаңа шабытпен жұмысын жалғастырса, көрермендер жаңа келбет пен заманауи қойылымдарға куә болды.

Әлемдік аренадағы қуыршақ театрының жаңаша келбетін қалыптастыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту барысында театр ұжымы 88-ші маусымда Болгария, Түркия, Ресей мемлекеттерінде өткен халықаралық театр фестивальдерінде үздік атанып, жетістіктер қоржынын атаулы жүлделермен толықтырды.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қуыршақ театрының 12 қызметкері Германия, Түркия және Ресей елдерінде кәсіби біліктіліктерін жетілдіру мүмкіндігіне ие болып, шығармашылық шеберліктерін шетелдік білім беру орындарында шыңдады.

88-ші маусымда қуыршақ театрының тарихына елеулі жаңалық алып келген І-ші Халықаралық «ALMATY PUPPET FESTIVAL» қуыршақ театрлар фестивалі тұңғыш рет өткізіліп, Польша, Грузия, Болгария, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның 150-ге жуық үздік театр майталмандарының басын қосты.

Қуыршақ театрының репертуар қоржыны 88-ші маусымда 5 жаңа қойылыммен толықты. Геометриялық пішіндер әлемімен таныстыратын «Бауырсақ» ертегісі, алпауыт әлемде анасын жоғалтқан кішкентай мамонттың таңғажайып оқиғасын баяндайтын «Анасын іздеген Мамонт» спектаклі, бокс шебері әрі ұлт мақтанышы Бекзат Саттархановтың батыл рухын дәріптейтін «Чемпион» қойылы, барша бүлдіршіндердің сүйікті кейіпкері туралы сыр шертетін «Етік киген Мысық» ертегісі және грузиялық режиссер Николоз Сабашвилидің жетекшілігімен сахналанған «Шекпен» қойылымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Еліміздің өзге де өңірлері тұрғындарына Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының өнерін таныстыру және дәріптеу мақсатында театрдың шығармашылық ұжымы Қарағанды және Талдықорған қалаларында гастрольдік іс-сапарлар өткізді.

Алдағы 89-шы театр маусымында көрермендерді ұтымды жобалар, жағымды жаңалықтар, замануи спектакльдер асыға күтетін болады.

Оқылып жатыр

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

«Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

Соңғы жазбалар

Өскемендегі өзімшіл прокурор: қоластындағыларды ұрған Бас прокурор қызметтен шеттетілді

16 Қыркүйек, 2025

«Өлтіретінін ескертті»: Павлордарда полковниктің ұлы, сот қызметері Нұрмағамбетов әйелін жылдар бойы соққыға жығып келген

16 Қыркүйек, 2025

Алматы облысының әкімі қоқыс полигонындағы өрт орнына барды

16 Қыркүйек, 2025

«Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді

16 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.