Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

15 Мамыр, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Тарихшы Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Кенесары хан жайлы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әлеуметтік желідегі жазбасында қырғыз бен қазақ жастарын арандатуға бой алдырмауға, тарихты әділ зерттеуге және мәңгілік достықты нығайтуға шақырған еді. Осыған орай тарихшы Мәмбет Қойгелдінің пікірін білдірді. Ол бұл үндеуде маңызды қателіктің бар екенін айтты.

                                         Қырғыз тарихшыларының ұстанымы

«Мен қырғыздардың тарихымен азды-көпті таныспын. Былтыр қырғыз журналисі Кенесары хан туралы кітап шығарды. Ол кітап біржақты, қырғыздардың пайдасына жазылған. Осыған байланысты Қырғызстан тарих институтының директорына хабарласып, екі ел тарихшыларының басын қосып, конференция өткізейік деп ұсыныс жасадым. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады», – дейді Мәмбет Қойгелді.

Оның айтуынша, сенатор Дархан Қыдырәліге де осы мәселеге араласып, Қырғызстанның мемлекеттік хатшысымен сөйлесіп, ғылыми жиын өткізуге кеңес берген.

«Дархан – менің шәкіртім. Оған «сен Қырғызстанның мемлекеттік хатшысын білесің ғой, мәселені ушықтырмай, ғылыми тұрғыда шешейік» дедім. Бірақ сол күйі аяқсыз қалды. Астанаға Орта Азия тарихшылары жиналғанда да осы мәселені көтермек болдым, алайда ол жолы да нәтиже шықпады», – дейді тарихшы.

                                      Жапаров мәлімдемесіндегі қателік

Мәмбет Қойгелді Садыр Жапаровтың жазбасында тарихи шындықтан ауытқушылық бар екенін айтады.

«Садыр Жапаров (Қырғызстан президенті) мәтінінде президент ретінде бір қателік жіберген. Ол қырғыз тарихшыларының жетегінде кеткен. Егжей-тегжейіне бармау керек еді. Ол тарихшы емес, әскери маман емес. Басын тура бастап, тура аяқтаған – сонымен қысқаша қайыру керек. «Қырғыздар қазақтарды жеңгенбіз» деген сөзді айтады. Ол не керек? Ол жерде ешкім жеңген жоқ. Қырғыз да, қазақ та ұтылды. Кенесары «бірігейік, орыстар Жетісуға келді, бермейік» деді. «Ташкенттің сарты қайда барасың» деген хаты бар. Солтанаевтың сөзін келтіріп отыр ғой. Соның еңбегінде айтылады. Жапаров қысқаша қайырудың орнына деталіне кетіп қалған. Кімнің батыр, кімнің тұлға екенін, тарихтың өзі бағасын беріп қойған. «Біз жеңдік, сендер жеңілдіңдер» дегені – мағынасыз нәрсе. Тарих одан бері басқа тұжырым шығарып қойған. Кенесары азаттық қозғалысының көсемі ретінде тарихта қалды», –  деді тарихшы.

                                            Тарихи мәселедегі ғылыми тұжырым

Тарихшының пікірінше, мәселені ушықтырмай, екі елдің тарихшылары бірлесіп, ғылыми конференция өткізу арқылы ортақ тұжырымға келу қажет. Оған екі елдің де тарихшыларының күші жетеді.  Сондай-ақ, тарихи мәселелерді журналистер мен жазушылардың емес, кәсіби тарихшылардың талқылауы маңызды екенін баса айтты.

 «Қырғыздардың қателігі – олар тарихты журналистерге, жазушыларға жазғызып қойды. Бұл дұрыс емес. Журналистер, жазушылар маман емес, олар сезімге кетіп қалады. Ол жерде салқынқанды, ғылыми тұжырым болу керек. Сезімге кетсек, бір тұжырымға келе алмаймыз. Мәселе осында», — дейді Мәмбет Қойгелді.

Дереккөз: Qaz365.kz

Оқылып жатыр

«Тойда жүреді, жұмысқа келмейді»: Әнші Наркенжеге «иіскегім келеді» деген Ерназаров үндеу жасады

Қорқып қаштым: әнші Наркенже Серікбаеваны «иіскеуім керек» деген басшы өзге қыздарды да төсекке тартқан

Иран жеңілді, Израиль үстемдігін паш етті: АҚШ бомбасының күшін сынаған Трамп тағы ұнай жинап әлек

«Алдыма отыр, иіскеймін»: әнші Наркенже Серікбаева көңілдес болмағаны үшін филармония бастығынан қудалау көргенін айтты

Антикор қылмыстық іс ашқан: Судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды

Діни сенімдерін өзгертуді талап еткен: Шіркеуде болған жарылыстан 15 адам қаза тапты

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.