Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді
  • Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды
  • Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды
  • Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды
  • «Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды
  • Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін
  • «Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді
  • Ақтөбе облысының тұрғындары жылдың соңына дейін 100 пайыз таза сумен қамтамасыз етіледі — облыс әкімі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қырғызстан президенті 20 млн доллар тұратын мүлкін заңдастырды

Қырғызстан президенті 20 млн доллар тұратын мүлкін заңдастырды

16 февраля, 2024 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 20 млн доллар тұратын мүлкін заңдастырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facеbook әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты.

«Менің мүлкімнің бағасы – шамамен 20 миллион доллар. Заңдастыру үшін мемлекетке миллион қырғыз сумын (11,2 мың АҚШ доллары) төледім. Бұл заң бойынша талап етіледі. Менің шетелде депозитім жоқ. Бар болса да мен оларды біздің банктерге салып қояр едім», – деді Жапаров.

Оның айтуынша, заңдастыру туралы заң 2023 жылы қабылданған. Бұл Қырғызстанның қалтасы қалың азаматтарының ақшасы мен басқа дүние-мүлкін шетелде ұстамай, өз еліне әкелу үшін жасалған.

«Жасыратыны жоқ, бәріміз өз мүлкімізді біреудің атына рәсімдеп алғанбыз. Ол енді рас. Оған қоса, еліміздің ауқатты азаматтары әлі күнге дейін миллиардтаған ақшасын шетелдік банктерде сақтайды. Бізде ондай байлар көп. Енді проблема болмауы үшін бұл активтерді заңдастыруға мүмкіндік жасап жатырмыз», – деді ол одан әрі.

Сондай-ақ қырғыз елінің президенті мүлікті 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана заңдастыруға болатынын айтты. Одан бөлек, осы мүмкіндікті пайдаланған адамға мемлекет заңдастырылған капиталдың сақталуына 100 пайыз кепілдік беретінін уәде етіп, өзінің мүлкі туралы да айта кетті.

«Ал енді өзімнің жекеменшіктегі ғимаратыма келсем, мәселе былай. Мен өздеріңіз жақсы білетіндей, саясатқа бизнестен келдім. 2005 жылы бизнестен Жогорку Кенешке депутат болып сайландым. Фотодағы ғимарат Бішкектегі Ибрагимов көшесінде орналасқан. Үйдің нөмірі керек болса, айтайын – №95. Біз оны 2005 жылы сала бастадық. Бес жыл салып, құрылысы 2010 жылы бітті. Сәуір революциясынан кейін ол «Ата-Журт» партиясының штаб-пәтері болды. Содан кейін билік бізді оппозиция болғанымыз үшін қудалады. 2020 жылға дейін ғимарат жұмыс істемеді. Бірақ біз салық төлеп отырдық.  2020 жылы президент сайлауында ғимаратты пайдаланып, оны штаб-пәтер еттік. Әрине, ол кезде менің атымда болған жоқ. Оны басқа адамның атына жаздырып қойған едім. Енді Заңдастыру туралы заңды пайдаланып, мен алғашқы болып ғимаратты өз атыма жазып алдым. Сіздер де солай етіңіздер. Қысқасы, мүлікті заңдастырыңыздар. Мен сіздерге үлгі көрсетіп, осы жұмысты өзімнен бастадым. Ертең өкініп қалмаңыздар», – деді ол.

Айтуынша, қазір ғимараттың бағасы шамамен 20 млн АҚШ доллары тұрады. Оның елде де, шетелде де осы ғимараттан басқа мүлкі жоқ.

 

доллар заңдастырды млн мүлкін президенті тұратын Қырғызстан

Оқылып жатыр

Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?

Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?

Түркияның жаһандық сахнадағы жаңа рөлі: Стратегиялық қажеттілік пе, әлде тәуекелді ойын ба?

Орталық Азия: Еуразияның жаңа жүрегі ме, әлде кезекті геосаяси ойын алаңы ма?

«Реформа» немесе «Тесік жамау»? Экономист үкіметтің сәтсіз шешімдері туралы ащы шындықты айтты

«Қаржы қайда?»: Еуропа басқаның активін бөліп жатқанда, біздің үкімет неге үнсіз?

Соңғы жазбалар

«Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

19 Қараша, 2025

Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

19 Қараша, 2025

«Сөз тауып айту да қиын!»: Ерке Есмахан Жетісайдағы қайғылы оқиға жайлы пікір білдірді

19 Қараша, 2025

Ақтөбе облысының тұрғындары жылдың соңына дейін 100 пайыз таза сумен қамтамасыз етіледі — облыс әкімі

19 Қараша, 2025

«Ешқандай мақтанатын дүние емес»: Актер Еркебұлан Дайыров Қаңтар оқиғасына қатысты пікірі үшін сынға қалды

19 Қараша, 2025

Ақтөбе облысында 2025 жылы 28 ауыл газбен қамтылады

19 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.