Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиені Лазат Нұрқожоева мен Олимпиада балуаны Амантур Исмаиловтың кыз узату рәсімі Бішкектегі мейрамханалардың бірінде өтті. Үйлену тойы 21 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Таралған бейнежазбаларда Амантур Исмаиловтың қалыңдығын үйінен алып кеткен сәті көрсетілген. Кадрлардан Қырғызстан президентінің ағалары – Сабыр Жапаров пен Доолот Жапаров және қалыңдықтың әкесін көруге болады.
Париж-2024 Олимпиадасында 67 келі салмақта ел намысын қорғаған. Ол 1/8 финалда Грузия балуанын жеңгенімен, ширек финалда Украина спортшысына жол берді. Қола медаль үшін өткен белдесуде Әзірбайжан балуаны Хасрат Джафаровқа 0:8 есебімен жеңіліп, бесінші орынға ие болды.
Еске сала кетсек, өткен жылы Лазат Нұрқожоеваға бұрынғы сүйіктісі Афтандил Сабырбеков тікұшақпен сөз салып, бұл оқиға Қырғызстан қоғамында үлкен талқыға түскен болатын. Кейін Сабырбеков құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, екі жас екі жаққа кеткен. Осы жағдайдан жарты жыл өткен соң, Лазат Нұрқожоева спортшы жігітке тұрмысқа шығу туралы шешім қабылдады.