Қаржы министрлігі 2025 жылдың алғашқы 9 айындағы Ұлттық қордың түсімдері мен шығындары туралы ресми дерек жариялады.
Ұлттық қордағы қаражат көлемі
-
2025 жылдың басында Ұлттық қорда 34,7 трлн теңге болған.
-
1 қазанға қарай қордағы сома 35,8 трлн теңгеге жетті.
Түсімдер мен шығындар
Министрліктің 1 қыркүйектегі мәліметінде Ұлттық қорға 36,1 трлн теңге түскені айтылған еді. Алайда бір айдың ішінде жалпы түсім шамамен 268 млрд теңгеге азайған.
Бұл азаюдың басты себебі – қыркүйек айында қордан ірі көлемде қаржы жұмсалуы.
-
1 қыркүйекте жұмсалған қаражат көлемі: 3,86 трлн теңге
-
1 қазандағы көрсеткіш: 4,22 трлн теңге
Қыркүйектегі нақты шығындар
Осылайша, қыркүйек айында Ұлттық қордан 357 млрд 13 млн теңге жұмсалғаны белгілі болды.
-
Оның 355 млрд теңгесі – мақсатты трансфертке бағытталған.
-
Қалған 2 млрд теңгеден астамы – қорды басқару мен жыл сайынғы аудит шығындары.