Фото: Видеодан скриншот
Қытайда 80 шақты адамды көлікпен басқан жүргізушіге өлім жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Чжухайда 11 қараша кешкі уақытта жаяу жүргіншілерді таптамақ болды. Салдарынан 35 адамның өмірін қиды, тағы 43-і ауыр жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болған, бірақ оны құзырлы органдар ұстаған.
Тергеу ер адам «қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірді» деген қорытындыға келді және оның әрекеті «жауыздық» деп танылды.
Чжухай соты жаяу жүргіншілер тобын қасақана басып кеткен жүргізуші Фан Вэйцюге өлім жазасын берді.
Өлім жазасы Қытай прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, олар процедуралардың заңға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етті.