Астана, Қазақстан (19 қараша 2024) — Қытай мен Түрікменстаннан тауар жеткіземін деп 30 адамды алдаған әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Todayinfo хабарлады.
Күдікті WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен жарнамалаған. Нәтижесінде 30 адамның 3 млн теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.
Сотта әйел қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын айтқан. Алайда, прокурор оның бастапқыда тауар жеткізуді жоспарламағанын дәлелдеді.
Сот үкімімен әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.