Фото: egemen.kz
Депутаттар қалыңдықтарын алып қашқандарға үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Депутат Мұрат Әбенов осы үшін қылмыстық жаза қарастыратын түзету енгізілгенін айтты.
«Мен түзету енгіздім, ұсыныс жасадым. Қазір оны жұмыс тобы қарастырып жатыр. Олар жауапкершіліктің әр түрін қарастырды: бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар. «Бәрі жағдайға байланысты: қылмысты бір топ адамдар жасаса, кәмелетке толмаған баланы ұрлап әкетсе, физикалық немесе психологиялық зиян келтірсе…», — деп түсіндірді Әбенов.
Түзету қабылданса, әйелді некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқандарға қылмыстық жаза енгізіліп, ол үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру болуы мүмкін.
«Егер қыз баланы өз еркімен үйде ұстаса, оған психологиялық және физикалық қысым жасалса, заң жәбірленуші жағында болуы керек», — деп атап өтті депутат.