Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
  • 3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
  • «Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді
  • Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр
  • «Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)
  • Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 12 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қызыл теңізде кемелерге шабуыл жасап жүрген хуситтер кімдер?

Қызыл теңізде кемелерге шабуыл жасап жүрген хуситтер кімдер?

24 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2000 жылдардың басынан бері шейіттер қозғалысы басым бөлігі сүнниттерден тұратын Йемен үкіметіне қарсы күресіп келеді. Көтерілісшілер жақында Қызыл теңіздегі бірқатар кемелерге шабуыл жасап, әлемдік сауданы бұзды, деп жазады Еuronews. 

Соңғы апталарда Қызыл теңізде сауда кемелеріне шабуыл жасап жүрген йемендік хусит көтерілісшілері Таяу Шығыста аймақтық қақтығысқа ұласып кету қаупі бар шиеленістің ортасында қалды.

Хуситтер — өздерін Йемендегі шейіт мұсылман азшылығы — зейдиттермен теңестіретін қарулы саяси және діни топ.

Бұл топ ХАМАС пен Ливанның «Хезболлах» қозғалысымен қатар Израиль, АҚШ және Батысқа қарсылық танытып жүр.

Бұл топты 1990-шы жылдары Хусейн әл-Хуси құрған, бірақ әлем оның бар екенін 2000-шы жылдардың басында, Йеменнің ұзақ уақыт бойы авторитарлық президенті болған Әли Абдалла Салехке қарсы соғысқан кезінде ғана білді.

2011 жылы «араб көктемі» кезінде Салех билікті орынбасары Абд-Рабб Мансұр Хадиге тапсырды.

2014 жылы Хади билігі кезінде Иран қолдайтын хусит көтерілісшілері Йемендегі солтүстік қорғанынан шығып, ел астанасы Сананы басып алды.

2015 жылы елдің бір бөлігін басып алған топ Хадиді шетелге қашуға мәжбүр етті.

Сауд Арабиясы хуси үкіметінің орнай ма деп қауіптеніп, сол жылы Йеменнің халықаралық мойындалған үкіметін билікке қайтару әрекетіне араласты.

Бірақ жанжал ақыры Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы прокси соғысымен аяқталды.

Йемендегі соғыс бірнеше жылға созылып, әлемдегі ең кедей араб мемлекетін ойрандап, бейбіт тұрғындар мен содырларды қосқанда 150 мың адамның өмірін қиды және гуманитарлық апатқа ұшыратты.

Соғыс бір жылдан астам уақыт бұрын атысты тоқтатумен аяқталды, бірақ бейбітшіліктің ауылы әлі алыс.

Хуситтердің қазіргі көшбасшысы — топтың негізін қалаушының ағасы Абдул-Малик әл-Хуси.

Хуситтер бұған дейін де Қызыл теңіздегі кемелерге ара-тұра шабуыл жасап жүрді.

17 қазанда Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған соққысынан көп бейбіт тұрғын қаза тауып, жарақат алған соң топ шабуылын күшейтті.

Хуситтер Газада атыс тоқтатамайынша бұл әрекетінінен бас тартпайтынын мәлімдеді.

Көтерілісшілер Израильмен байланысы бар кемелерді нысанаға алғанын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Todayinfo.kz 

жасап жүрген кімдер кемелерге теңізде Хуситтер шабуыл Қызыл

Оқылып жатыр

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

Адамзаттың айуаны: хуторлық Хасан Қасымбаев ауыр жазаға кесілді

«Өліктен де теңге тапқан ашкөз ел»: Қазақстанда мәйітханадан мүрдені алу бизнеске айналып кеткен

Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті

Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Соңғы жазбалар

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025

«Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді

11 Қараша, 2025

Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр

11 Қараша, 2025

«Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды

11 Қараша, 2025

Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

11 Қараша, 2025

Жетісу аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселді

11 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.