Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)
  • Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған
  • Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді
  • Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді
  • Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр
  • «Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)
  • Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты
  • 100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 15 Шілде
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қызылорда облысының әкімдігі Тұңғыш президент саябағын жаңартуға 13 млрд теңге жұмсамақ — әкімдік түсініктеме берді

Қызылорда облысының әкімдігі Тұңғыш президент саябағын жаңартуға 13 млрд теңге жұмсамақ — әкімдік түсініктеме берді

30 декабря, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысы әкімдігі өңір орталығындағы Тұңғыш президент саябағын жаңартуға 13 млрд теңге бөлінеді деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.

Әкімдік аталған саябақ халықтың қарасы үзілмейтінін, таптырмас отбасылық демалыс орыны саналытын хабарлады. Жайлы аумақта шағын мерейтойларды атап өту үрдіске айналған. Сондықтан жасыл желекке оранған жерде тынығушылар саны жыл сайын арта түсуде. Осыны ескере келе, саябақ көлемін кеңейтуді, демалыс аймағын жаңартуды жолға қою мақсат етілген. Оған демеушілер есебінен жаңғырту жобасы әзірленді.

Аумағы 64,5 гектарды құрайтын Тұңғыш президент паркі 2007 жылы ашылып, бүгінгі күнге дейін жаңғырту жүргізілмеген.  Балалар ойын алаңы, орындықтар, жарықтандыру және т.б. қажетті құрылымдар жетіспейді. Ал, жаңа жобада жетіспеушіліктер толық қамтылып, Тұңғыш президент паркі мен Денсаулық саябағы арасын заманауи орынға айналдыру көзделген. .Мұнда халықтың сұранасына сай автокөліктер тұрағы бар, гүлзарлармен көмкерілген көркем келбет қалыптасады. Парк ішінде 3 аллея,  3 бөліктен тұратын су бұрқақ,  1 амфитеатр, 1 бетон-скейтпарк, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout  аймағы, 4 фудкорт, сондай-ақ көптеген шағын сәулеттік пішімдер және аттракциондар болады.

«Саябақ арқылы өтетін барлық аллеялар мен тротуарлар бір — бірімен байланыстырылып, бұл маршрутты оңай және жылдам салуға, саябақтың дұрыс нүктесіне жетуге мүмкіндік береді. Вело-жүгіру жолы бүкіл саябақ арқылы шағын және үлкен шеңбер бойымен өтеді, жобада модульдік-санитарлық ғимаратын орналастыруға арналған алаңдар қарастырылған. Бақшада жасанды тоған, тоған үстіндегі көпір, стилистикалық ағаш беседка және демалуға арналған орындықтар бар. Мұнан өзге биіктікке өрмелеу нысаны, ойын құрылғылары, фитнеске арналған спорт қондырғылары, теннис корты, биіктігі 50 метрлік айналмалы дөңгелек аттракционы, балаларға арналған түрлі әткеншектер, тамақтану орындары, би алаңы, паркур, стритбол, сахна, сарқырама каналдары, канал үстінен көпірлер, бадминтон, шахмат, волейбол, баскетбол, футбол алаңдары, арқан саябағы, дария жағалауындағы жүргіншілер жолы, модульдік санитарлық ғимарат қарастырылған. Паркке ауыз су, кәріз су желілері тартылып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қоса жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қызылорда қаласында 33 сквер-аллея, саябақтар мен демалыс орындары бар. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін қоғамдық орындарды жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар алдағы жылы да жалғасын табады. Қазір қалалық мәдениет және демалыс паркінде қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұдан бөлек, Қорқыт Ата ескерткішінің маңындағы аллея, Батырхан Шөкенов атындағы саябақ қайта жаңғыртудан өткізіледі.

Еске сала кетейік, БАҚ-та бұған дейін Қызылорданың қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 13 млрд теңгеге тұңғыш президент саябағын қайта жаңғыртқалы жатқанын хабарланған еді.

Оқылып жатыр

Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

Төлебилік кәсіпкер тоғандарда 80 тоннаға жуық балық шабақтарын өсіріп отыр

Түлкібаста балықтың бағалы түрлерін өсіру дамып келеді

Түлкібаста экотуризмді дамытуға бағытталған «ALTY KÖL» жобасы қолға алынды

Саңырауқұлақ теруге шыққан: Алматы облысында орманда жоғалған 10 жастағы бала аман есен табылды

Мәскеу төріндегі Алматы театрды: «Мәмлүк. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы үздік деп танылып, ресейлік көрерменге ұсынылды

Соңғы жазбалар

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Перизат Қайрат ісі: блогер Олжас Садық 83,5 млн теңге қайда кеткенін түсінбей қалған

15 Шілде, 2025

Гүлмира Дайрабаеваның ұлы мен келінінің тойын 50 мың адам онлайн көрді

15 Шілде, 2025

Қайырымдылық та жемқорлықтың құрбаны болды – Премьер-министр Перизат Қайрат ісіне пікір білдірді

15 Шілде, 2025

Абай облысын қолдау керек — Премьер-министр

15 Шілде, 2025

«Өмір бақи сорың болады»: Ауру балаларды «ақшаның соры» деген актрисаның басы дауға қалды (ВИДЕО)

15 Шілде, 2025

Баланы жерге алып ұрған: есірткі шеккен еркек өлтіріп қоя жаздаған сәби ауруханадан шықты

15 Шілде, 2025

100 мың жұмыс орны бос тұр, кадр жетіспейді — Олжас Бектенов

15 Шілде, 2025

«Дене шынықтыру мамандары сұраныста болады»: IT маманы айлығы жоғары жұмыс табудың жолын айтты

15 Шілде, 2025

Өзбекстан экономикасы Қазақстаннан 30 жыл артта қалған – экономист Бехзод Хошимов

15 Шілде, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.