Бүгін түскі уақытта Жаңақорған ауданының Құттықожа ауылына бара жатқан жолда облыс әкімдігінің тойота «Hice» автокөлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлады Paparaci.kz.
Көлік ішінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жаңақорған ауданына сапарын ақпараттандыруға аттанған бір топ БАҚ өкілдері болған. Журналистер мінген көлік әкімнен бұрын келесі нысанға жету үшін асығып, жолдан тайып кеткен. Абырой болғанда, адамдар аман. Түрлі дене жарақатын алғандар бар.
фото:Paparaci.kz
Todayinfo.kz