Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді
  • Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады
  • «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті
  • «Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады
  • «Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады
  • 1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?
  • Әскерден жындыханаға: Маңғыстаудағы 18 жастағы сарбаздың ісі ушықты
  • Бангкокты бағындырды: Қазақстандық жас шахматшылар Азиядан 5 алтын әкелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қызылорда облысында мектепке дейінгі білім саласына қатаң бақылау күшейді

Қызылорда облысында мектепке дейінгі білім саласына қатаң бақылау күшейді

18 Шілде, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылорда облысында мектепке дейінгі білім беру саласында жүйелі бақылау мен қатаң талаптар енгізілуде. Жекеменшік балабақшаларда орын алған келеңсіз жағдайлардан кейін жоспарлы мониторинг жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін 94 балабақшаның мемлекеттік тапсырысы тоқтатылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов мәлімдеді. Сонымен қатар, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жақсыгүл Тоғанова мен кәсіпкер, «Шұғыла» балабақшасының құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев мектепке дейінгі білім саласындағы жағдайға байланысты өз көзқарастарын білдірді.

— Мектепке дейінгі білім беру — баланың өмірлік бағытын қалыптастыратын ең маңызды кезеңдердің бірі. Сондықтан біз бұл салаға ерекше жауапкершілікпен қарап, қауіпсіз әрі сапалы орта қалыптастыруды басты назарда ұстаймыз. Қазіргі уақытта облыс бойынша 676 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 464-і — жекеменшік балабақша. Бірақ, өкінішке қарай, осы жекеменшік ұйымдардың басым бөлігі — 389-ы ыңғайластырылған, яғни бұрынғы тұрғын үйлерде, коттедждерде, тіпті ескі монша ғимараттарында орналасқан. Жүргізілген мониторинг барысында көптеген кемшіліктер анықталды. Қала мен аудандарда 2025 жылдың 18 сәуірінен 18 мамырына дейін 464 жеке балабақшаның 219-ы тек Қызылорда қаласында тексерілді. Мониторинг қорытындысымен 94 балабақшада анықталған заңбұзушылықтар жойылмағандықтан, олардың мемлекеттік тапсырысы тоқтатылды. Оның ішінде Қызылорда қаласынан — 44, Жаңақорған ауданынан — 24, Шиелі ауданынан — 26 балабақша тапсырыстан алынды. Бұл шешім балалардың балабақшамен қамтылуына кері әсер етпейді. Себебі қазіргі уақытта облыс бойынша 1600-ден астам бос орын бар. Қағида талаптарына сай жұмыс істеп отырған балабақшаларға балалар қайта бағытталады. Біз бұл жұмыстарды биыл ғана қолға алған жоқпыз. 2023 жылдан бастап барлық балабақшаларда «Face ID» жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде балалардың келу-келмеу дерегі автоматты тіркеліп, артық қаржы төлеу мәселесі шешілді. 2023-2025 жылдары бюджеттен үнемделген қаражат көлемі — 14 млрд теңге. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласымен интеграция арқылы енді ата-анадан анықтама талап етпей-ақ, балалардың больничныйда екенін базадан көруге мүмкіндік бар. Біздің мақсатымыз — балаға қауіпсіз, сапалы әрі жайлы орта қалыптастыру. Біз осы бағытта жұмысты жалғастырамыз. Егер балабақша иелері өз ісіне жауапкершілікпен қарамаса, біз талапты одан әрі күшейтуге мәжбүрміз. Бала амандығы — бәрінен биік, — деді Асқарбек Темірбекұлы.

— Қазіргі уақытта балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Әсіресе, мектепке дейінгі ұйымдарда бала құқықтарының қорғалуына ерекше мән берілуі тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кездері жекеменшік балабақшаларда орын алған оқиғалар — бәрімізді ойландыруы керек. Әр баланың денсаулығы мен амандығы — қай уақытта да бірінші орында тұруы тиіс. Сондықтан кәсіпкерлер де, ата-аналар да, тиісті органдар да бұл мәселеге бейжай қарамауы керек. Балабақша ашу — бұл жай ғана кәсіп емес, ұрпақ тәрбиесіне қосылған үлес, сондықтан кәсіпкерлер әр қадамына жауапты болғаны жөн. Біз бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде ата-аналармен, тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз, — деді Жақсыгүл Қоханқызы.

— Бала тәрбиесі — сөзбен емес, іспен дәлелденетін үлкен жауапкершілік. Әсіресе, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде әрбір баланың қауіпсіздігі, денсаулығы, жақсы тәрбиесі мен сапалы білім алуы — басты міндет. Мен бұл саланы жақсы білемін, көп жылдан бері балабақша ашып, оны дамыту жолында еңбек етіп келемін. Сондықтан да балабақша ашуды жай ғана кәсіп деп қарауға болмайды. Бұл — ел болашағына, ұрпақ тәрбиесіне қосылған нақты үлес. Бүгінде мемлекет тарапынан балабақшаларға қойылып отырған талаптар өте дұрыс әрі орынды. Себебі әрбір ата-ана баласын сеніп тапсыратын орын, ең алдымен қауіпсіз болуы тиіс. Осы ретте кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Тек балаға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, тәрбие мен білім беру ісіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Бұл жерде тәрбиешілердің біліктілігі, материалдық база, санитарлық талаптардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі — бәрі маңызды. Мен әрдайым балабақшада тәртіп пен талап қатар жүруі керек деп санаймын. Тек осылай ғана біз ата-аналардың сенімінен шығып, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада өсуіне мүмкіндік бере аламыз. Сондықтан әр кәсіпкер, әр балабақша басшысы өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, баланың амандығын, қауіпсіздігін, сапалы тәрбиесін бірінші орынға қоюы керек. Біз болашақ ұрпақтың негізін қалап жатқанымызды әрдайым естен шығармауымыз керек, — деді Сейтқали Бегманұлы.
—

Оқылып жатыр

Қызылордада парапауэрлифтинг әлем чемпиондарына жаңа пәтер мен қаржылай сыйақы табыс етілді

Шыны өндірісінің жаңа дәуірі: Қызылорда облысынан шыққан әйнек төрт мемлекетке экспортталып жатыр

Қызылорда — Астанаға арасы 12 сағат — ауқымды жоба аяқталды

Қызылордада 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды

«Куликовқа бәсекелес»:  Қызылордадағы тоқаш, торт өнімдерін шығаратын кешен 170 адамды жұмыспен қамтымақ

Қызылордада алғаш рет «Ассамблея аруы – 2025» өтті

Соңғы жазбалар

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025

«Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

«Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?

1 Желтоқсан, 2025

Әскерден жындыханаға: Маңғыстаудағы 18 жастағы сарбаздың ісі ушықты

30 Қараша, 2025

Бангкокты бағындырды: Қазақстандық жас шахматшылар Азиядан 5 алтын әкелді

30 Қараша, 2025

Доллар, базалық мөлшерлеме және инфляция: 2025 жылдың желтоқсанында қаржыны қалай сақтау керек? Экономистер болжамы мен тереңдетілген сараптама

30 Қараша, 2025

Желтоқсандағы демалыс: Тәуелсіздік күні қалай демаламыз және 2026 жылғы өзгерістер

30 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.