Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекова ұсталды. Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі, көпбалалы ана Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тарады.
Осыған орай Қызылорда облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады.
«Аталған дерек бойынша Қызылорда облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр», — деп қысқа қайырды ведомстводан.
Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.