Қызылордада жедел жәрдем фельдшерлері жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды.
Қызылорда қаласында жүрегі сыр берген әйел кісі жедел жәрдем қызметі көмегіне жүгінуге мәжбүо болады. Бұл шақыруға қаладағы №3 бөлімше фельдшерлері Саят Қыстаубаев пен Жалғас Шарапов жедел жетті. Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.
Қарияның отбасы адам өміріне арашашы болған медицина мамандарына алғысын білдірді.