Қызылордада полиция қызметкерлері мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Todayinfo.kz сайты хабарлайды.
Қылмыстық схема қалай жүзеге асқан?
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ құрамына кәсіпорын қызметкерлері мен күзетшілері кірген. Тергеу барысында 20-дан астам тінту жүргізіліп, 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімі тәркіленді.
Кәсіпорынға келтірілген шығын 200 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта 12 күдікті ұсталып, оның тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы құжатсыз мұнай өнімдерін ұрлау және тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде», – деп хабарлады ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Операция ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылды.