Қызылордада қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешілді деп хабарлайды Todayinfo.kz.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.
— Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты, — деді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев брифинг барысында.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған. Оның 1-еуі халықаралық, 7-еуі облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта. Сонымен бірге облыс әкімі экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқанын атап өтті.