Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
  • Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
  • «Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты
  • «Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды
  • Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда
  • Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты
  • Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты
  • «Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 17 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды

Қызылордада «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы ашылды

13 ноября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайында жаңа терминалдың ашылуына қатысты.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске асырылған жоба өңірдің сауда-экономикалы, туристік әлеуетін дамытуға және халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 

Жаңа терминалды іске қосу әуе айлағының өткізу мүмкіндігін 7 есеге – жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін арттырады. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында көлік-логистикалық секторды дамытуды стратегиялық басымдық деп атады. «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалы – өңір үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды инфрақұрылымдық жоба. Оны іске асыру қосымша әуе бағыттарды, оның ішінде халықаралық бағыттарды ашуға, транзиттік әлеуетті, жолаушылар мен жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл ішкі туризмнің, сауданың және тұтастай экономиканың дамуына оң әсер етеді. Үкімет бизнестің заманауи, сапалы көлік-логистикалық инфрақұрылымды салу жөніндегі әлеуметтік бағдарланған бастамаларын толық қолдайтын болады – бұл біздің еліміздің болашағына қосылған үлес»,— деп атап өтті Олжас Бектенов және жобаның іске қосылуын қысқа мерзімде қамтамасыз еткендердің барлығына алғысын білдірді.

Үкімет басшысы ішкі және халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсету үдерісімен танысты. Ауданы 7 500 шаршы метр терминал телескопиялық баспалдақтар, қол жүгін тексерудің автоматтандырылған жүйесі және басқа да озық технологиялармен жабдықталған. Жобаны іске асыруға Болат Өтемұратов қоры әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 20,9 млрд теңге инвестиция салды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, автожол салуға, әуежай аумағын абаттандыруға және жарықтандыруға 4,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

«Қорқыт Ата» Әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Баян Ажмолдаев өңірдегі жыл сайын өсіп келе жатқан жолаушылар ағынын ескере отырып, терминалдың уақтылы іске қосылғаны туралы хабарлады. Мәселен, биылғы 9 айда әуежайда 265 мың жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық. Аптасына 26 ішкі рейс жүзеге асырылады (17-сі Астанаға, 9-ы Алматыға). Осы жылдың маусым айында Анталья (Түркия) қаласына халықаралық чартерлік рейс іске қосылды.

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Ақтау және Атырау қалаларында қосымша рейстер ашу, сондай-ақ «Қызылорда–Көкшетау», «Қызылорда–Ақтөбе», «Қызылорда–Қарағанды» сияқты әуе бағыттарды әлеуметтік маңызы бар рейстер тізбесіне енгізу жоспары туралы баяндады.

Өңір жұртшылығы атынан сөз сөйлеген Қызылорда облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев жаңартылған әуежайда жолаушылардың барлық санаттары үшін жасалған қызмет сапасы мен қолайлы жағдайларды жақсартудың маңызына тоқталды.

  «Қызылорда облысы арқылы біз өңірлерді мемлекет тарапынан қолдау шараларының оң нәтижелерін көріп отырмыз. Бүгін біздің жерлестеріміздің арманы орындалды – жаңа әуежай терминалы ашылды. Мемлекет басшысына өңірге ерекше көңіл бөлгені үшін алғыс білдіргім келеді, бұл барлық салада өсуге ықпал етеді», — деді Серік Дүйсенбаев.

Оқылып жатыр

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

«Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды

Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

Соңғы жазбалар

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

17 Маусым, 2025

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17 Маусым, 2025

«Аяғым ауыр кезде ішіме отырып, аяусыз ұрды: Танымал блогер журналист күйеуінің абьюзер екенін айтты

17 Маусым, 2025

«Талибан» жас әйелдердің сауда орталығына кіруіне тыйым салды

17 Маусым, 2025

Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда

17 Маусым, 2025

Өктем Алтаев өзінің бала күнгі арманы ұлы арқылы орындалғанын айтты

17 Маусым, 2025

Израиль-Иран соғысы: түнгі шабуылдан 8 жастағы ирандық гимнаст қыз қаза тапты

17 Маусым, 2025

«Мәдениеттен жұрдай, тәлпіш»: Мөлдір Мұқанова халықтың наласына қалды

17 Маусым, 2025

Алматыда атақты «Арыстан» базары сүріліп жатыр

17 Маусым, 2025

«Қолымды қысып, табыс тіледі»: Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен кездесті (ВИДЕО)

17 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.