SHOT деректеріне сүйенсек, Мәскеуде 15 жастағы Алиса есімді оқушы өз әкесін пышақтап өлтірді. Ол әпкесі Марьянаны қорғауға тырысқан, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Әкесі қарызын жабу үшін 20 жастағы қызының атына микрокредит алғызбақ болған. Қыз бас тартқан соң, ер адам оны соққыға жыққан. Осы сәтте Алиса араша түсіп, асүй пышағын алып, әкесін бірнеше рет мойын тұсынан жаралаған.
Тергеу кезінде Алиса әкесіне әдейі шабуыл жасағанын мойындаған. Ол қатты ашуланғандықтан, оның өліміне себеп болатынын түсіне тұра соққы жасағанын айтқан.
«Мен оның өлгенін қаладым. Әдейі мойнына ұрдым», – деген ол тергеушілерге.
Әкесінің алған жарақаты ауыр болған. Ол бірден қаза таппағанмен, жауап қайтаруға тырысқан, бірақ қан көп кеткендіктен, көз жұмған. Оқиға болған пәтер толықтай қанға боялған.
Қайғылы оқиға орын алған отбасы ресми түрде проблемалық отбасылар тізімінде болмаған. Анасы — медицина қызметкері, оқиға кезінде жұмыста болған.
Алайда әкенің бұрын да құқық бұзушылықтар жасағаны анықталды. Ол бұған дейін:
- Полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін,
- Есірткіні аса ірі көлемде сақтау дерегімен,
- Амфетамин сатып алуға әрекеттенгені үшін сотталған.
Сонымен қатар, оның несие берешектері болып, оған қатысты сот орындаушылар өндіріс жүргізген.
Қазіргі таңда тергеушілер ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (“Адам өлтіру”) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыруда. Алиса қылмыстық жауапкершілік жасына жеткен, сондықтан оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.