Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады
  • Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды
  • Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр
  • Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты
  • Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді
  • Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті
  • «Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті
  • Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 25 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Әлемді бірге аралаған»: дипломат күйеуін соттатып жатқан Карина 15 жасында Сәкен Мамашпен жүре бастаған

«Әлемді бірге аралаған»: дипломат күйеуін соттатып жатқан Карина 15 жасында Сәкен Мамашпен жүре бастаған

10 Маусым, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада әйелін ұрып-соқты деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Сот кулуарында айыпталушының туған ағасы Нұржан Мамаш журналистер сұрағына жауап берді. Оның пікірінше, жанжалға ақша себеп болған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы stan.kz-ке сілтеме жасап.

Нұржан Мамаштың айтуынша, бұған дейін бұрынғы келіні інісінің ұрып-соққанын айтып еш шағымданбаған

«Олардың отбасылық өмірінде ешқандай зәбір көру жағдайы болмаған. Олар он бір жылдай бірге тұрды. Ұрып-соқты деген ешқандай шағым болған жоқ. Екеуі бақытты өмір сүрді. Бір ұл, бір қызы бар. Төрт жыл Бельгияда елшілікте жұмыс істеді, бір жыл елде жүрді де, кейін тағы төрт жылға келісімшартпен Біріккен Араб Әмірліктеріне кетті. Ешқандай ұрып-соғу болған емес. Олар жыл сайын еңбек демалысына шыққан кезде Шымкентте бір күн, ауылдағы қара шаңырақта ары кетсе үш күн жатып, одан кейін жылына кем дегенде бір рет Бали, Кариб аралдары, Барселона, Лондон, Парижге демалысқа кететін. Ініміз кеш үйленгендіктен келінімізді жақсы қабылдадық. Келінімізді Омбыдан құда түсіп барып алып келгенбіз», – дейді экс-шенеуніктің ағасы.

Оның сөзінше, Сәкен Мамаш пен Карина алғаш танысқанда, «қызын жақсы жерге күйеуге беру үшін» желіде жігітпен қызының орнына анасы сөйлескен.

«Телеграмда шешесінің, әжесінің, әпкелерінің барлығының сөздері бар. Кез келген әке-шеше қызының жақсы жерге, бақуатты жерге барғанын қалайды. Бәрі Карина 15 жаста болған кезде басталған. Екеуі mail.ru желісі арқылы сөйлесіп жүргенде қызының орнына шешесі сөйлескен. Жанар Сәкенмен Карина болып сөйлескен. Оны айтудан қорықпаймын, өйткені менде дәлелдер бар. Каринаның орнына Жанар сөйлескенін әпкесінің, апасының айтқаны бізде жазылып тұр, Телеграмда бар. Шешесін де түсінуге болады. Қызының жақсы жерге тұрмысқа шығып, кейінгі өмірі жақсы болғанын қалаған. Дипломаттың айлығы қанша екенін білесіздер. Бәрі содан басталып тұр. Барлық мәселе – ақшада», – дейді ол.

Сондай-ақ ол бауырының қайырымдылықпен айналысқанын атап өтті. Сотта Сәкен Мамаштың адвокаты Бейбітжан Сайлауұлы да жанжалдың бір себебі оның қорғауындағы азаматтың қайырымдылық қызметі болуы мүмкін екенін алға тартқан еді.

«Қайырымдылық қордың бастығын тауып алып сөйлестім. Сәкен оны танымаса да, Шымкенттегі ДЦП-ға шалдыққан балалар орталығына телефон арқылы ақша аударып көмектескен. Жыл сайын Ораза айтта отбасылық жағдайы төмен отбасылардың тізімін алып, соларға қаражат бөлген. Тамызда мектеп басталар кезде қалам-қағаз алу үшін тағы он бес адамға көмектескен», – деп мәлімдеді Нұржан Мамаш.

Оқылып жатыр

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

Соңғы жазбалар

«Жазасыз қалмау керек, бұл —қылмыс»: белгілі журналист әнші Наркенже Серікбаеваны күллі оңтүстікке күйе жақты деп сынады

24 Маусым, 2025

Корпоративке бармағандардан 256 мың теңге ұсталады: Салықтан жалтарған Айдын Рахымбаевтың BI group компаниясы тағы дауға қалды

24 Маусым, 2025

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр

24 Маусым, 2025

Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей, шуға ұласты

24 Маусым, 2025

Ақсудағы дауылдан қаза тапқан әйелдің отбасына қандай көмек көрсетілді

24 Маусым, 2025

Наркенженің назы: Елді шулатқан әнші сөзінен «секіріп», басшысымен бірікті

24 Маусым, 2025

«Ұлын құтқармақ болған»: Алматы облысына баласы мен анасы қатар суға кетті

24 Маусым, 2025

Владимир Зеленский соғыс аяқталғанға дейін президенттіктен кетпейтінін айтты

24 Маусым, 2025

БАҚ: Түркияда төңкеріс жасалмақ болған

24 Маусым, 2025

«Бұл — анық сексизм»: халықаралық ұйым шахматшы Бибісара Асаубаеваның эротикалық фотосын жариялап жіберді

24 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.