Фото: видео скриншот
Әлемге әйгілі актер Джеки Чанның Алматыға не үшін келгені белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Salem Entertainment мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кіріскен. Алматыда болған уақытында актер алдағы картинаның түсірілім алаңдарын таңдаған.
“Толығырақ мәліметті әзірге құпия сақтаймыз. Бірақ сеніңіздер, алда сіздерді ғаламат жаңалықтар күтуде. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда!” – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, белгілі актер, бірнеше веб сериалдың басты рөлдегі кейіпкері Рүстем Омаров Джеки Чанмен түскен суретін жүктеді.
«Жақында бәрін білетін боласыздар. “Реалдың” ойынына дым қатысы жоқ», – деді актер әлеуметтік желідегі парақшасында.