Танымал эстрада жұлдызы Ерке Есмахан тағы бір жаңалығымен оқырман қауымды қуантты, деп хабарлайды Todayinfo.
Әнші аяғының ауыр екенін әлеуметтік желіде жазды.
Сүйінші! Аллаға сансыз шүкір! Маған қазақтың санын, Райымбектің ұрпағын көбейту бұйырыпты. «Ерке Сотуардың» тілегі бірінші өзіме жұғысты болды ғой. Алла тіл көзден сақтасын. Әр отбасында сәбидің күлкісі естілсін, — деп жазды әнші.
Айта кетейік, әншілердің ортақ перзенті Ислам 2023 жылдың 29-қарашасында дүниеге келген еді. Сондай-ақ Есмаханның бірінші некесінен бір ұлы бар. Ал Ерке Есмаханның бірінші күйеуі Асхат Садырбай болса екінші әйелімен де дауласып, қоғамды дүрліктіріп жатыр.