Фото: Ақан Сатаевтың әлеуметтік желісі
Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың түсірген «Рэкетир: Жаңа заман» фильмі Қырғызстанда прокаттан алынып тасталды. Бұл туралы «Синетамика» кинотеатрлар желісі мәлімдеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Фильмнің Қырғызстандағы прокаты неге тоқтатылды?
Кинотуынды 13 ақпанда ТМД елдерінің бірнеше мемлекетінде бір уақытта үлкен экранға шыққан болатын. Фильмнің тұсаукесер рәсімдері Қазақстанның бірнеше қаласында және Мәскеуде өткізілді. Сондай-ақ, Бішкекте де арнайы көрсетілім болған. Алайда, көп ұзамай, Қырғызстан кинотеатрлары фильмді прокаттан алып тастау туралы шешім қабылдады.
«Құрметті көрермендер, “Рэкетир: жаңа кезеңдер” фильмі елдегі бүкіл кинотеатрлардың прокатынан алынды. Билет ақысын қайтарып алу үшін кинотеатр әкімшілігімен байланысуға болады», – делінген ресми хабарламада.
Фильмнің мазмұны қандай?
«Рэкетир: Жаңа заман» – 2007 жылы шыққан «Рэкетир» фильмінің жалғасы. Жаңа кинокартина түрмеден босап шыққан Саянның тағдырының жалғасын баяндайды. Фильмді режиссер Ақан Сатаев 2024 жылы түсірген.
Қырғызстанда фильмнің не себепті прокаттан алынғаны жайлы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.