Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • «Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты
  • «Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: freepik

Қазақстан азық-түлік тауарларының қолжетімділігі жөніндегі халықаралық рейтингте 146 елдің ішінде 21-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ілгеріледі. Былтыр ел 34-сатыда тұрған еді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz дерегіне сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелері Numbeo платформасының деректеріне негізделген. Бұл платформа түрлі елдердегі баға деңгейін базалық көрсеткіш ретінде алынған Нью-Йорк қаласымен салыстырады. 2025 жылғы маусым айындағы есеп бойынша, Қазақстандағы азық-түлік қолжетімділік индексі 27,8%-ды құрады. Бұл – елдегі азық-түлік бағасы Нью-Йоркпен салыстырғанда 72,2%-ға арзан дегенді білдіреді.

Қазақстан азық-түлік бағасының қолжетімділігі бойынша ЕАЭО елдері – Ресей мен Арменияны, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің басым бөлігін басып озды. Ал Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь Қазақстанмен бірге алғашқы отыздыққа енді. Зерттеу мәліметіне сай, Ресейде азық-түлік бағасы Қазақстанға қарағанда 22,3%-ға, Арменияда – 30,4%-ға, Тәжікстанда – 24,3%-ға жоғары. Тіпті көршілес елдердің ішінде баға деңгейі бойынша Қазақстанға тек Қырғызстан мен Өзбекстан жақындай алған. Бұл өз кезегінде еліміздің азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын көрсетеді.

Рейтингтің екінші шетінде Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдері, сондай-ақ арал мемлекеттер тұр. Ең қымбат азық-түлік бағасы тіркелген елдер қатарында Кайман аралдары, Швейцария және Исландия бар. Бұл елдерде азық-түлік себетінің құны Нью-Йорктен ондаған пайызға жоғары. Мысалы, Швейцарияда сиыр етінің килограмы шамамен 48,5 доллар, ал Қазақстанда – 6,9 доллар тұрады. Тауық еті, картоп және басқа да негізгі тағамдар бойынша да айырмашылық шамамен жеті есеге дейін жетеді.

Numbeo талдауы тек азық-түлік бағасын ғана емес, елдегі табыс деңгейін де ескереді. Қазақстанда орташа таза айлық жалақы 535,2 АҚШ долларын құрайды. Бұл көрсеткіш Еуропа елдерінен төмен болғанымен, Орталық Азия мемлекеттерімен салыстырғанда жоғары. Осы табыс деңгейінде қазақстандықтардың сатып алу қабілеті Нью-Йорк деңгейінің 54,9%-ына тең, яғни азық-түлік бағасы тек арзан емес, сонымен қатар халықтың көп бөлігі үшін нақты қолжетімді болып отыр.

Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда азық-түлік тауарлары әлем бойынша ең арзанның қатарында. Сонымен қатар, ет, көкөніс, жеміс-жидек және жарма сияқты жеті негізгі санаттың алтауында баға ең төмен елдер – Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Өзбекстан болып шыққан. Бұл Қазақстанға жаһандық инфляция мен нарықтағы баға өсіміне қарамастан, жоғары азық-түлік қолжетімділігі бар ел мәртебесін сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Оқылып жатыр

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

Соңғы жазбалар

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

16 Қазан, 2025

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.