2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейдегі шетелдіктердің болу мерзіміне қатысты жаңа ережелер енгізілді. Бұл өзгерістер Қазақстан азаматтарын да қамтиды, деп хабарлайды Todayinfo Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметтеріне сүйеніп.
Төлқұжат. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Шетелдіктер үшін жаңа ереже
2024 жылғы 8 тамызда қабылданған №260-ФЗ Федералдық заңы бойынша:
- Ресейде болу мерзімі: Шетелдік азаматтардың Ресей аумағында болу уақыты күнтізбелік жыл ішінде 90 күнмен шектелді. Бұрын бұл ереже 180 күн ішінде 90 күнге ғана шектеу қоятын.
- Ерекшеліктер: Ресей Федерациясына оқуға, жұмыс істеуге, уақытша тұруға немесе баспана алуға келгендерге бұл шектеулер қолданылмайды. Олар жылына 90 күннен астам уақыт Ресейде бола алады.
Қазақстандықтарға ұсыныстар
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қазақстандықтарды жаңа ережелерге мұқият назар аударуға және көші-қон талаптарын бұзбауға шақырады.