Ресейден Қазақстанға қоныс аударып, қазақ отбасына келін болған әйел әлеуметтік желіде өзінің күнделікті өмірі жайлы баяндады. Оның айтуынша, келін ретіндегі міндеттері – мәжбүрлілік емес, отбасылық тәрбие мен құрметтің көрінісі,деп хабарлайды Todayinfo.
«Қазақстанға көшіп, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Көпшілік мені құлдыққа түскендей көреді. «Таңғы 6-да тұрып, шай құясың, үй жинайсың» деген пікірлер жиі жазылады. Бірақ шын мәнінде, мені ешкім мәжбүрлеп жатқан жоқ. Біз ата-енемізден бөлек тұрамыз. Олар қонаққа шақырғанда, барып көмектесеміз. Бұл – қалыпты жағдай», – дейді ол.
Келін қазіргі уақытта қазақ тілін үйреніп жүргенін де атап өтті. «Күйеуім үшін және барлығына түсінікті болу үшін қазақ тілін меңгеруге тырысып жүрмін», – дейді ол.
Әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген келін өз парақшасында Ресей мен Қазақстандағы отбасылық дәстүрлердің ерекшеліктерін жиі салыстырады. Оның айтуынша, қазақ халқының туыстық қарым-қатынасы, үлкенге құрмет пен отбасы құндылықтары ерекше әсер қалдырған.