Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды
  • «Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады
  • «Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты
  • Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты
  • «Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды
  • Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті
  • Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды
  • Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 2 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Ресейдің қас жауымен әріптестік орнатты»: Канделаки қазақ билігін тағы айыптады

«Ресейдің қас жауымен әріптестік орнатты»: Канделаки қазақ билігін тағы айыптады

10 Маусым, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ресейлік пропагандашы Тина Канделаки Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери ынтымақтастық жөнінде пікір білдіріп, қазақ билігін айыптады, деп хабарлайды Todayinfo.

Тина Канделаки Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әскери келісімді сынап, оны «тарихты білмейтін елдің» қадамына балады Оның айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасында әскери әріптестік туралы келісім жасалғаны жұма, 6 маусым күні белгілі болған. “Егер бір жаңалықты ешкім байқамасын десең – оны жұма кешке жарияла” дейді Канделаки.

Оның пайымдауынша, жексенбі күні Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметінен босатылғаны бұл келісімді «жасыру әрекетін» растайды. Бұған қоса, демалыс күндері Лондонмен арадағы келісім туралы жаңалық Қазақстан Қорғаныс министрлігінің сайтынан алынып тасталғанын да айтып өтті.

— Ресейдің қас жауы саналатын елмен әскери әріптестік орнату – бұл теміржол станцияларын қайта атау емес. Былтыр осыған қатысты пікірім үшін мені Қазақстанның №1 жауы етіп шығарған. Бірақ бұл – одан да күрделі мәселе. Еске салайын, Қазақстан – ҰҚШҰ-ның (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы – ред.) мүшесі. Дәл осы әскери блок 2021 жылдың қаңтарында президент Тоқаев пен оның айналасын әскери төңкерістен құтқарып қалды. Венгрия немесе Словакия ЕО-ның сыртқы саясатымен келіспей тұрса да, Ресеймен әскери келісімге отыра қоймас еді. Ал Ресейге дос көрінгісі келетін Қазақстан Британиямен ашық ынтымақтасып жатыр. Осылай бастағандардың соңы жақсылықпен аяқталмаған. Бірақ Қазақстанда тарих оқытылмайтын сияқты. Бәлкім, тек ойдан шығарылатын шығар, – деді Канделаки.

6 маусым күні Қазақстан мен Ұлыбританияның қорғаныс министрліктері әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойғаны хабарланды. Құжатқа сәйкес, тараптар бейбітшілікті сақтау, тілдік дайындық және қазақстандық әскери қызметкерлерді Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында оқыту бағытында жұмыс істемек.

Тина Канделаки бұған дейін де Қазақстандағы орыс тілінің қолданысына қатысты бірнеше рет мәлімдеме жасаған. Атап айтқанда, елдегі теміржол станцияларын қазақшалау бастамасына қарсы шыққан. Осы мәлімдемелерден кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оған елге кіруге тыйым салды.

Сондай-ақ, бұған дейін Deutsche Welle ақпарат агенттігі Қазақстанда елге кіруге тыйым салынған тұлғалардың «қара тізімі» бар екенін хабарлаған. Бұл тізімде Канделакиден бөлек Ресей мемлекеттік думасының депутаттары Петр Толстой, Евгений Фёдоров, Константин Затулин, Вячеслав Никонов, жүргізуші Тигран Кеосаян, философ Александр Дугин, Россотрудничество басшысы Евгений Примаков және саясаттанушы Никита Мендкович те бар.

Фото: Агентство «Москва»/Артур Новосильцев

Ақпарат көзі: Ulysmedia.kz.

Оқылып жатыр

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

«Әскерден гөрі түрме қауіпсіз»: Армия беделі дағдарысқа ұшырады ма?

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

Путин ЕАЭО-ның күшін жоя ма? № 778 жарлық «контрабандистерге» қалай жол ашады?

«КазРосГаз» «Газпромға» арзан газ сата ма? Компания енді Қазақстанға да СУГ жеткізуді жоспарлап отыр

Соңғы жазбалар

«Тауым шағылды, ей ақырет әкеме қайырлы бол»: Жігіттер тобының әншісі қайғылы қазаға тап болды

2 Қараша, 2025

«Көшедегі әркімнің бір тряпкасысың»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің хаттарын көрген жұрт жағасын ұстады

2 Қараша, 2025

«Қымбат тон, бриллиант бәрі соның үстінде»: Мөлдір Мұқанова тоқалымен кеткен Тұрсынбекті сағынғанын айтты

2 Қараша, 2025

Денесінде ондаған оқ қалған Руслан Берденов Пекинде ресторан ашты

1 Қараша, 2025

«Тұғырдан құлап бара жатқан Назарбаевтың» мүсінін Мәскеу сатып алды

1 Қараша, 2025

Жекпе-жек балуаны желіде лайк жинаймын деп түрмеге түсті

1 Қараша, 2025

Көкшетауда жатақхана дәретханасынан студенттің өлі денесі табылды

1 Қараша, 2025

Қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан боксшының экс-әйелін Қазақстан полициясы іздеп жатыр

1 Қараша, 2025

Kaspi Alaqan: картасыз, QR-сыз алақанмен сауда жасай беретін жүйе іске қосылды

1 Қараша, 2025

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

1 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.