Турнир басталар алдында 40 жастағы шахматшы Әмина Абакарова (оң жақтағы фотода) 30 жастағы қарсыласы Ұмайғанат Османованы (сол жақтағы суретте) уландырғысы келген. Ол шахмат өтетін жерге келіп, жарыстағы қарсыласының үстелі мен тақтайына сынап жағып кеткен.
Турнирде қарсыласының жағдайы күрт нашарлап, басы айналып, медициналық көмек қажет болды. Абакарованың қылмысы видеоға түсіп қалған. Ол жарыстардан шеттетілді.
Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалса, Абакарова үш жылға сотталуы мүмкін. Ал Ұмайғанат Османованы чемпионатта өзін нашар сезінгеннен кейін, үйіне жіберілді. Содан кейін ол жарысқа қайтып келіп, екінші орынды иеленді.