Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті
  • ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі
  • «Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті
  • Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр
  • Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек
  • Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты
  • Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 23 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Республика күні қарсаңында әлеуметтік осал топтарға 6 пәтер табысталды

23 октября, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Еліміз үшін ұлық күн Республика күні қарсаңында Хан Орда, Сайқын ауылдарының бірқатар тұрғыны баспаналы болды.

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов мерекеге орай Хан Орда ауылына арнайы барып, әлеуметтік осал топтарына және мұқтаж жандарына арналған екі пәтерлі баспананың кілтін табыстады.
Су жаңа бұл үйлердің құрылысын іске асырған жергілікті кәсіпкер Мейрамбек Шүкірғалиев. Баспана құны — 32 млн теңге. Үй баспана мұқтаждығымен кезекке алынған Гүлсара Жұмағалиева мен Айдана Қарашеваға бұйырды.

Өз кезегінде Нұрлыбек Жасқайратұлы ауыл тұрғындарын Республика күні мейрамымен құттықтап, баспана иелерінің қуанышымен бөлісті.

-Құрметті қоныс иелері! Жаңа баспана- бұл жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктердің бастауы. Құтты қоныс болып, ойлаған барлық жоспар- мақсаттарыңыз орындалсын, — деген аудан басшысы ауыл ақсақалы Ахметкерей Салауатовпен бірге лента қиып, рәсімін жасады.

Жаңа қоныстың қожайыны Гүлсара Жұмағалиева «Жергілікті атқарушы органдар арқасында баспаналы болдым» деп, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен ауыл әкімі Әлібек Айтқалиевке ақжарма тілегін жеткізді.
Мерекелік шара баспана ауласында терек отырғызу рәсімімен аяқталды.

Дәл сондай екі пәтерлі баспаналар аудан орталығы Сайқын ауылында да табысталды.
— Бүгін, міне, ұлтымыз үшін ұлық мереке қарсаңында бір топ жерлестеріміз жаңа баспанаға ие болып, қоныс тойын тойламақшы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің әр өңірінде әлеуметтік жағынан осал топтарға арналып жаңа баспаналар бой көтеруде. Биылғы жылдың өзінде ауданымызда жаңадан салынған 22 пәтердің кілттері табыс етілмекші. Бұл бағыттағы жұмыстарымыз келесі жылдары жалғасын табатын болады.

Елімізде көптеген бағдарламалар, жобалар іске асырылып жатыр, соның бірі мінеки, бүгінгі мемлекеттен қолдау, әлеуметтік осал топтары санатына жататын отбасыларға, көпбалалы аналарға пәтерлердің кілттері табысталып жатыр.

Мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі- халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамту. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік осал топтары санатына жататын көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Мемлекеттің бастамасымен тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналып «Наурыз», «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл мемлекеттік қолдаудың айқын дәлелі, жүргізілген оң саясаттың жемісі деп білемін.

Жаңа үйлерді тұрғындарымыздың жаңа ұясы ғана емес, сонымен қатар, ауылдарымызға әр беріп қана қоймай, көшелеріміздің келбетін де көріктендіретін әсем нысандар деп білемін, — деген аудан басшысы баспана иелеріне пәтер кілттерін табыстады.
Таратып айтар болсақ, бұл күні Данагүл Ғайноллина, Гүлайым Темірболатова, Айгүл Ырзағалиева және Жадыра Қарағойшина сияқты азаматшаларымыз баспаналы болды.
Аталмыш екі екі пәтерлі баспана құрылысы Есқайыр Елемесов пен Нұрберген Болатқалиевтің мердігерлігімен бой көтерген екен.

Оқылып жатыр

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

Қазақстаннан Ресейге 34 дрон алып өтпек болған «Газель» ұсталды

22 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті

22 Қыркүйек, 2025

ҚТЖ жеке фирмалардың жұмысын тежегені үшін 1,42 млрд теңге айыппұл төледі

22 Қыркүйек, 2025

«Күйеуін әлі жақсы көреді»: Ел алдында еңіреп жылаған Мөлдір Мұқанды халық аяп кетті

22 Қыркүйек, 2025

Бас прокуратура Назарбаевтың ұлымен соттасып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ҰБТ жүйесі өзгертілмек

22 Қыркүйек, 2025

Ілияс Сариев ісі: Қызының еміне ақша жинауы үшін 750 мың теңгедей берген ана сотта бар шындықты айтты

22 Қыркүйек, 2025

Көрші ел интернетті толығымен өшіруге дайындалып жатыр

22 Қыркүйек, 2025

Соңғы 6 айда Қазақстанда 135 бала жол апатынан қаза тапқан

22 Қыркүйек, 2025

АҚШ-та Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы мен жусаны қойылды

22 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.