Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады
  • Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды
  • Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті
  • SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді
  • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты
  • Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
  • Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды
  • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

25 Қазан, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Республика күні Алматы облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бұл күн – елдің тәуелсіздігі мен жаңа бастамалардың символына айналған мереке ғана емес, өз арманы мен идеясын жүзеге асыруға ұмтылған жастар үшін де ерекше сәт болды.

Жоба биыл да өңір жастарының арманын жүзеге асырып, жаңа идеялардың қанаттануына мүмкіндік беріп отыр.

Грант иегерлері түрлі бағыттар бойынша іріктеліп, өздерінің әлеуметтік, мәдени, ғылыми және инновациялық бастамаларын қорғады. Қатысушылардың жобалары қоғамның өзекті мәселелерін шешуге, жастарды дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Жеңімпаздардың қатарында:

Талғатқызы Айзере – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке оңалту жабдықтары мен ойын кешендерін шығару жобасы;

Зікір Пернегүл Кемелханқызы – «SabiSPA» гидромассаж және босансу орталығы;

Яныбаева Айнұр Әлімбайқызы – «Өнерім–мұрам» атты ұлттық нақыштағы сурет жобасы;

Жұмағали Аружан Әбілбекқызы – қазақ музыкасын цифрлау және балаларға домбыра үйрету;

Төленева Жанерке Қайратқызы – Narestem AI жүкті әйелдердің жағдайын бақылауға арналған жасанды интеллект;

Хабылбек Абуxали – RobotTime ауыл балаларына робототехника үйрету жобасы;

Исадуллаева Алянура Мұптулламқызы мен Айдархан Жансая Нурданғалықызы – биогумус өндіру кәсібі;

Нарузова Наргиза — экологиялық бағыттағы «Жасыл болашақ» жобасы;

Иманмәди Мөлдір – «Журналист – жау емес» медиа жобасы;

Өнербекқызы Нұргүл – «Медиа сауат» бастамасы бар.

Биылғы гранттың ерекшелігі – тек дарынды ғана емес, өмірлік қиындықтарға қарамастан өз арманынан бас тартпаған жастардың жеңісінде.

Жеңімпаздардың бірі, Қонаев қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Наргиза Нарузова өз әсерімен бөлісті:

«Бұл грант мен үшін үлкен мүмкіндік. Менің “Жасыл болашақ” жобамның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту, балалар мен жастарға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ел дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Ал дәл Республика күнімен тұспа-тұс келуі – мен үшін ерекше мәртебе», – дейді жоба жетекшісі.

Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев жас жеңімпаздарды мерекемен құттықтап, оларға сәттілік тіледі:

«Республика күні – елдің еркіндігі мен жаңару рухының символы. Ал бүгінгі грант иегерлері – осы тәуелсіз елдің болашағы. Сіздердің идеяларыңыз қоғамға серпін беріп, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосады деп сенемін», – деді өңір басшысы.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – жастардың жаңа бастамаларына серпін беріп, елдің ертеңіне үлес қосатын ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді.

Оқылып жатыр

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

Алматы облысының жолдарынан алынған жол құрылыс материалдарының 31%-ынан ақау анықталды

Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды

Соңғы жазбалар

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

25 Қазан, 2025

Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты

25 Қазан, 2025

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

25 Қазан, 2025

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 Қазан, 2025

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады

25 Қазан, 2025

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.