Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады
  • Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды
  • Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті
  • SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді
  • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты
  • Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
  • Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды
  • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Республика күніне орай Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады

24 Қазан, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Республика күніне орай Алматыда мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марапаттарды алматылықтарға қала әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Марапат иелері қатарында қала мен елдің дамуына зор үлес қосқан азаматтар бар. Олардың ішінде дәрігерлер мен ұстаздар, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері, еңбек ардагерлері мен қоғам белсенділері бар.

Салтанатты жиын барысында Дархан Сатыбалды Республика күні – ел бірлігі мен тұтастығының, рухани қуаты мен ұрпақтар сабақтастығының нышаны екенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономика, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, мәдениет және дипломатия салаларында нық әрі сенімді қадаммен алға басты. Бүгінде еліміз халықаралық аренада беделді, тең құқықты әріптеске айналды. Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктің негізінде – халқымыздың еңбегі жатыр. Сондықтан әрбір дәрігерге, ұстазға, инженерге, кәсіпкерге және әрбір алматылыққа алғысым шексіз», – деді Алматы әкімі.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, Мемлекет басшысының бастамалары Қазақстанды жаңғырту үдерісіне тың серпін беріп отыр. «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» бағдарламалары қоғамда әділдік, тәртіп пен сенімді нығайтуға бағытталғанын айтты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен ақын Марфуға Айтхожаға «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді. Қазақ радиосының ардагері Аманжан Серіков «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды, ал терапевт Нұрзия Дәуренбековаға «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы табысталды.

Сонымен қатар еңбек ардагері Есентай Тәжиевке «Барыс» орденінің ІІ дәрежесімен марапатталды. 19 алматылық «Құрмет» орденін, екі азамат «Еңбек Даңқы» орденінің ІІІ дәрежесін, ал үш тұрғын «Парасат» орденін иеленді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен 45 адам, ал қоғамдық және қайырымдылық қызметтегі белсенділігі үшін алты азамат «Шапағат» медалімен марапатталды.

Айта кетейік, рәсімге Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қоғамдық кеңестің, жоғары оқу орындарының, мәдениет және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Оқылып жатыр

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша дауыс беру басталады

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

Республика күні қарсаңында Наурызбай ауданында №202 жаңа балабақша ашылды

Соңғы жазбалар

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

25 Қазан, 2025

Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты

25 Қазан, 2025

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

25 Қазан, 2025

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 Қазан, 2025

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады

25 Қазан, 2025

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.