Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр
  • «Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен
  • Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды
  • Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда
  • Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
  • «Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды
  • «Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?
  • «Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 18 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Республикалық бюджеттен 237,5 млн теңге қарастырылған»: Түркістан облысында биыл 7 мың тонна балық аулау жоспарланған

«Республикалық бюджеттен 237,5 млн теңге қарастырылған»: Түркістан облысында биыл 7 мың тонна балық аулау жоспарланған

18 Шілде, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 224 кәсіпкерлік субъектісі айналысады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Осы ретте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова, басқарма бөлімінің бас маманы Абай Сәдірқожа ауданда жаңадан ашылған балық шаруашылықтарына арнайы барып, шаруаларға мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсіндіріп, «Ауыл аманаты» жобасында шаруаларға қандай көмек көрсетілетінін айтып, субсидия алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 — 2023-2024 жылдарға облыс аумағындағы 110-ға жуық балық өсіру шаруашылықтары ашылып, жұмыстар атқарылуда. Бағдарлама бойынша биыл 7000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланып отыр. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1345 тонна балық өндірілді. Ал акваөсіру бойынша жергілікті бюджеттен 500,0 млн теңге қаралды. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға республикалық бюджеттен 237,5 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасының балық шаруашылығын дамыту бағыты бойынша өткен жылы 24 кәсіпкерге 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие берілген болатын. Бүгінгі таңда жасанды балық өсіру шаруашылықтарын құру бойынша қызығушылық танытқан бизнес өкілдері мен жеке тұлғаларға шаруашылық құру алгоритімін түсіндіру жұмыстары жергілікті атқарушы орган және балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, тұрақты жүргізілуде, – деді басқарманың бас маманы Абай Сәдірқожаұлы.

Шардара ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Басқарма қызметкерлері мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия алып, балық шаруашылығын өркендетуге өз үлестерін қосып жүрген шаруаларға барды.

Соның бірі – Тұрысбеков ауыл округінде орналасқан «Мөлдір» шаруа қожалығы. 10 га аумағы бар тоғанды балық өсірумен айналысатын шаруа қожалығы 2023 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда 6 жасанды көл жұмыс істеп тұр. Жақында 4 жасанды көл ашылады деп күтілуде. Әрқайсысы 1 гектар аумақты құрайды. Әр гектардан 10 тоннаға дейін балық алуға мүмкіншілік бар. Жылына 100 тонна балық өсіруге қауқарлы. Биыл алғашқы жыл болғандықтан 60 тонна балық өндірілсе, алдағы уақытта 100 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Мұнда тұқы, ақ амур, сазан секілді балық түрлері өсіріледі. Онда өндірілетін балық өнімдері Шымкент қаласындағы мейрамханаларға жеткізілуде. Шаруа қожалықтың иесі Бекарыстанәлі Сүйінбай өткен жылы бес серіктес бірігіп «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 30 млн теңгеге жуық несие алып, шаруашылықты бастағанын айтып, болашақта Қазақстанның кез келген облысы мен республикасына экспорттауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Одан соң «Әлібай» балық шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, жасанды көл қазып, балық шаруашылығын қолға алған. Кәсіп иесінің айтуынша, Шардара ауданында балықты өңдеп, экспорттаумен айналысып келе жатқан «Хамит» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бар. Осы мекеменің қасынан балық шаруашылығын дамыту мақсатында оқыту курсына барып, біліп алып, тәжірибе жинаған.

– Өткен жылы 2,8 гектар жер теліміндегі тоғанға 15 мың дана шабақ жіберілді. Былтыр 17 тоннаға жуық тауырлы балық алсақ, биыл одан да көп балық алуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде жасанды көлдердің санын ұлғайту мақсатында жұмыстар атқарылуда. Жалпы 6 гектар аумақта жасанды 3 көлді қазу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңында жасанды көлдің құрылысы аяқталып, толық іске қосылған соң, жылдық қуаттылықты 100 тоннаға жеткізуді көздеп отырмын, – деді кәсіпкер Асан Әлібаев.

Айта кетсек, балық өсірумен айналысқысы келетін азаматтар «Шардара балық мектебінде» тәжірибе алмасып, кооператив өкілдерімен серіктес бола алады. Түркістан облысындағы балық шаруашылығын үйрететін мектепке еліміздің түрлі аймақтарынан келетін кәсіпкерлердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, былтыр ауданда орналасқан «Хамит» ауыл өндірістік коперативін 100-ге жуық кәсіпкер тәмамдаған болса, биыл 60 кәсіпкер білім алуда. Жалпы Шардара ауданы бойынша 33 балық өсіруші кәсіпкер тіркелген. Олар 951,35 тонна балық өсірген.

«Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік 2021-2030 жылдарға арналған» арнайы бағдарламасы бекітілді. Яғни, 2030 жылға дейін, 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, балық өнімдері экспортының өсімін 2 есеге, яғни, 7 мың тоннаға, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 100%-ға дейін көтеру көзделіп отыр», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқылып жатыр

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі…

Соңғы жазбалар

«Миллионердің қызы»: Алматыда даяшыға кір табанын тазалатқан бойжеткеннің әрекеті қызу талқыланып жатыр

17 Қыркүйек, 2025

«Ақын ұялғаннан жерге кіріп кете жаздады»: 9 мың сом қаламақы алған Мұғағалидың жағасына әйелі Лашын жармаса кеткен

17 Қыркүйек, 2025

Атырау облысында 104,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

17 Қыркүйек, 2025

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

17 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

17 Қыркүйек, 2025

«Головкиннің ықпалы бар»: Қазақстандық спортшылардың тарихи жеңісін шетелдік БАҚ сынға алды

17 Қыркүйек, 2025

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

17 Қыркүйек, 2025

«Бұл дұрыс емес»: Депутат Бақытжан Базарбек зейнетақыдан тіс емдеуге тыйым салуға қарсы шықты

17 Қыркүйек, 2025

«Шымкенттің бокс стилі бөлек қой!»: Бокстан әлем чемпиондары Руслан Берденовке ерекше алғыс білдірді

17 Қыркүйек, 2025

«Анасы қонақ күтіп жүрген»: Абай облысында қызуы көтерілген бес айлық сәби көз жұмды

17 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.