Әнші Әли Оқапов «Кездесу» ютуб арнасына берген сұхбатында анасы Роза Рымбаева туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz агенттігі.
«Роза Рымбаева — аңыз адам. Қазір сын айтудың қажеті жоқ. Осы жылы оның сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Елу жыл бойы нөмірі бірінші әнші. Ол — факт. Қанша жас қыздар шықты. Осы қыз Роза Рымбаеваның орнын басады деді. Өкінішке қарай 2-3 жылдан кейін олар жоқ. Ал Роза Рымбаева кез келген үлкен шараның нүктесін қоятын — Роза Рымбаева», — деді ол.
Желі қолданушылары әншінің бұл сөзіне қатысты түрлі пікір жазды.
«Розаның дәурені баяғыда бітті», «Роза Бағланова нөмірі бірінші», «1-Мақпал, 2-Роза», «Мен Роза Рымбаеваны тыңдамаймын», «Шындық, мойындау керек», «Еңбегі ерен, бірақ іштарлық бар», «Мақпалға жететін әнші жоқ», деп жазды көпшілік.
@kezdesushow Сұхбаттың толық нұсқасын “KEZDESU” ютуб арнасынан көріңіздер! #әлиоқапов #алиокапов #розарымбаева #kezdesu #kezdesushow ♬ оригинальный звук — kezdesu