Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған
  • Астанада ер адам көпірден секірмек болды
  • «Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты
  • 48 жастағы ер адам аттестат алды
  • «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті
  • Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр
  • Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды
  • Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 21 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Розбакиев көшесін Мұхтар Мағауин даңғылы деп ауыстыруды ұсынамын»

«Розбакиев көшесін Мұхтар Мағауин даңғылы деп ауыстыруды ұсынамын»

5 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлеуметтік желіде осындай ұсыныстар айтыла бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл бастаманы танымал әлеуметтік желі қолданушысы Бота ДН бастады. «Қатты толғанғандардың ішінде билікте болған, жақын жүргендер де аз емес. Демек, көпіре салмай, шындап, құлшына кіріссе, іске асыруға болатын шара» дейді қолданушы.

«Мұхтар Мағауин өзінің жер бетіндегі тіршілігі тоқтаған соң, қазақ үшін қол жетпес әулие, ұлы адамға айналатынын біліп, айтып кеткен.

Өзінің шексіз сүйген халқының мінез-құлқын білгендіктен, тірісінде “ Мен” деп қасқайып тұрып , күндей жандыра, шыжғыра айтты. Ал, 99.9% қазақ күнге тура қарай алмай, жасқанып, жанарын жерден алмады. Күңкіл, сүңкілден аспады. Ұлы, қайталанбас құбылыс, шамшырақ екенін біле тұра , айта алмады. Қалай айтсын. Ет пен сүйектен тұратын адамға өзінен миллион есе асып туғанын көзі тірісінде айтып, мойындау деген бүгінгі қазақ үшін көзсіз ерлік, өте қиын жағдай. Енді болады. Қалай мақтасаң да болады. Өйткені ол жоқ. Шақырайып тұрып, көзін қарықтырмайды. Тылсымға айналды. Алыптың жасында тозаң құрлы құны жоқ екенін сезетін ергежейлілер қорланбайды. Өз сөздерін тамашалай, іштей “ қалай көсілдім” деп масайрап, жұртының тез әсерленіп, тебірене қалып, көздері жасаурайтынынан ләззат алу деген сияқты рахатқа бөленеді.

Көпірме сөз жарысы басталып кетті, көп ұзамай, шаңы бұрқырап барып тоқтайды.
Мүмкін, таңғаларлық жағдай да болар. Тоқтамас. Алматының шетіндегі, баяғы переселендердің салған жапырайған ұсқынсыз үйлері орналасқан қисық, шолақ көшесінің біріне емес, орталықтағы көсіліп жатқан даңғылдардың біріне мысалы , ұзындығы 7000 метр Розыбакиев атындағы көшені Мұхтар Мағауин даңғылы деп ауыстыруға күш салып, нәтижесін шығарар.

Розыбакиев деген ұлтқа қандай еңбегі сіңгені белгісіз біреу. ВК анықтамасында Жетісуда келмеске кеткен Совет өкіметін орнату жолындағы күреске қатысушы, Әскери революциялық комитеттің мүшесі деп жазылыпты. Ну и что))

Жарқыратып Мағауин орталығын аштырсын. Алматының көрнекті жеріне Батыс Еуропа скульптура үлгісіндей көрген адам өте шықпай, бұрылып тоқтап қарайтындай, тарихи жәдігер, ерекше көркем құндылығы бар ескерткіш қойғызсын. Кітабын қолына ұстап көрмеген ақ, қара, сары нәсілділер “ бұгім екен” деп, ең құрымаса википедияны ашып қарауы сөзсіз, ары қарай қызығып оқып, санасынан саңылау ашылуы да мүмкін.

Насихатталсын. Мұхтар Мағауиннің әрбір сөйлемі өз алдына өмір сүре алатын қанатты, мағыналы. Мектеп оқу бағдарламасына енгізіліп, талданып, оқытылсын. Өшпес еңбектері экрандалсын.

Қатты толғанғандардың ішінде билікте болған, жақын жүргендер де аз емес. Демек, көпіре салмай, шындап, құлшына кіріссе, іске асыруға болатын шара.

«Темірді қызған кезінде соқ» дейді ғой, бүгінгі істейтін жұмысты ертеңге қалдырмау керек.

Сиырқұймышақтанып кетіп, Жаңа Қазақстанды құрып жүргенде, 22- ғасыр еншісіне қалып кетер» деп жазды.

Оқылып жатыр

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

48 жастағы ер адам аттестат алды

«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

Соңғы жазбалар

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025

48 жастағы ер адам аттестат алды

21 Маусым, 2025

«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті

21 Маусым, 2025

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

21 Маусым, 2025

Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды

21 Маусым, 2025

Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды

21 Маусым, 2025

70 жастағы қарт дәрігер ұсталды

20 Маусым, 2025

Ақшаңызды алыңыз: Зейнетақы қоры жар салды

20 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.