Todayinfo.kz
Шоу-бизнесСмотреть все материалы

«1 миллиард жұмсап жатырмын»: Баян Алакөзова ерекше шоу көрсетпек (ВИДЕО)

Ұжым мерейтойына орай бұған дейін деректі фильм де ұсынып, жанкүйерлер арасында қызу талқыға түскен еді.

Автор Айдар Керім··1 мин чтения
«1 миллиард жұмсап жатырмын»: Баян Алакөзова ерекше шоу көрсетпек (ВИДЕО)
📷 Айдар Керім

Фото: bayanmaxatkyzy парақшасы

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «КешYOU» тобының 20 жылдығына орай ауқымды концерт ұйымдастыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сүйенсек, мерейтойлық шоу Алматыдағы Орталық стадионда өтпек, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Жоба аясында сахнада топтың барлық хит әндері орындалып, әр кезеңдегі солистер қатысатын үлкен шоу жоспарланған. Ұйымдастырушылар концерттің тек музыкалық кеш емес, топтың 20 жылдық тарихын қамтитын ерекше қойылым болатынын атап өткен.

Айта кетейік, «КешYOU» – 2006 жылдан бері қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар танымал қыздар тобы. Ұжым мерейтойына орай бұған дейін деректі фильм де ұсынып, жанкүйерлер арасында қызу талқыға түскен еді.

Сондай-ақ желіде Баян Мақсатқызы бұл концертке шамамен 1 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсап жатқанын айтқаны тарады. Продюсердің айтуынша, бұл жоба – жай концерт емес, «жалғасып жатқан тарихтың бір бөлігі» болмақ. Концерт 29 мамыр күні өтеді деп жоспарланып отыр.

Похожие материалы

«1 миллиард жұмсап жатырмын»: Баян Алакөзова ерекше шоу көрсетпек (ВИДЕО) · Todayinfo