Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

1 млн теңге бопсалаған: Түркістан облысында блогер қамауға алынды

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Todayinfo. Тергеу мәліметтері бойынша ер адам мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіре

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
1 млн теңге бопсалаған: Түркістан облысында блогер қамауға алынды
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Todayinfo. Тергеу мәліметтері бойынша ер адам мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 000 000 теңге талап еткен. Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк кәртішкесі мен журналистің қызметтік куәлігі табылды. Күдікті аймақтық блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді. Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Похожие материалы

1 млн теңге бопсалаған: Түркістан облысында блогер қамауға алынды · Todayinfo