— Қазақстан "Росатом" есебінен атом электр станциясын салуға мүдделі. Түрікменстан — Ресейдің газ нарығына қайта оралуға, ал Өзбекстан — жаңа несиелер алуға ұмтылып отыр, — делінген жалған ақпаратпен күрес орталығының мәлімдемесінде.Фото: Freepik
«100 млрд $.Тізімде Қазақстан жоқ»: Мәскеу Жеңіс парадына барған елдердің қарызын кешті
Ресей билігі Жеңіс парадына шетелдік көшбасшыларды тарту мақсатында шамамен $100 млрд қаржы жұмсаған. Бұл туралы Украинадағы жалған хабармен күрес орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo сайты Ulysmedia -ға сілтеме жасап. Орталықтың ақпаратына сәйкес, Ресей парадқа қатысатын

Ресей билігі Жеңіс парадына шетелдік көшбасшыларды тарту мақсатында шамамен $100 млрд қаржы жұмсаған. Бұл туралы Украинадағы жалған хабармен күрес орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo сайты Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
Орталықтың ақпаратына сәйкес, Ресей парадқа қатысатын елдердің жалпы $50 млрд көлеміндегі қарызын кешірген. Сонымен қатар, Мәскеу бұл елдерге тағы $20 млрд көлемінде жеңілдетілген несие мен өзге де қаржылық жеңілдіктер ұсынып, $30 млрд-тан астам инвестициялық жобаларды қаржыландырған немесе болашақта қаржыландыруға уәде берген.
Атап айтқанда, Беларуське $29 млрд көлеміндегі қарызы кешірілген. Бұдан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Куба, Эфиопия, Конго, Лаос және Моңғолияның қарыздары да толық немесе жартылай кешірілген.
Украина орталығы парадқа қатысушылардың ынтасын Ресейден келетін инвестициялық қызығушылықпен де байланыстырады.
Похожие материалы

Новости
«Көргенсіздік»: Кесені кеудесіне киген қыздың фотосы жұртты шулатты
Айғаным Нариманова·

Новости
Миллионы на творчество: как государство поддерживает молодых казахстанцев
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Ранние арбузы: стоит ли опасаться нитратов и как выбрать безопасную ягоду?
Жаннұр Еділбаева·