Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова жайлы: Мемлекет қаржысы есепсіз қалмауы керек

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан видеоға байланысты ресми пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл видео – 5-6 жыл бұрынғы сұхбаттан алынған үзінді. Қазіргі уақытта оның қайта таралуы – мақсатты түрде ұйымдастырылған ақпараттық шабуыл болуы мүмкін,деп ха

Автор Айғаным Нариманова··1 мин чтения
Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова жайлы: Мемлекет қаржысы есепсіз қалмауы керек

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан видеоға байланысты ресми пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл видео – 5-6 жыл бұрынғы сұхбаттан алынған үзінді. Қазіргі уақытта оның қайта таралуы – мақсатты түрде ұйымдастырылған ақпараттық шабуыл болуы мүмкін,деп хабарлайды Todayinfo.

«Кешеден бері видео хит болып жатыр. Телефоным тоқтар емес. Бұл – ескі сұхбаттан қиылып алынған үзінді. Сұхбат сол жылдары мемлекет қаржысына түсірілген сериал жайлы болған. Аталған туынды жарамсыз деп танылып, Ұлттық арнаның эфирінен алынып тасталды», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, бұл оқиға кезінде ол халықтың, яғни салық төлеушілердің ақшасына түсірілген туынды жарамсыз болса, қаражат бюджетке қайтарылуы тиіс деген пікір білдірген. Сол кезде актер Тұңғышбай Жаманқұлов түсірілмей қалған фильмі үшін мемлекетке қаржыны қайтарған болатын.

«Халықтың ақшасына түсірілген сериал жарамсыз болса, оны басқа адам түсіруі керек еді. Себебі Тұңғышбай аға да солай істеді. Баян Алагөзова да дәл солай істеуі қажет деп айттым. Бірақ ол мені сынап, жеке басыма тиісті. Енді қазір өзін тым мәдениетті етіп көрсетіп отыр», – деді Түсіпбаева.

Әнші видеоны қазіргі кезде әдейі таратып отырған жандар бар екенін айтып отыр. Оның айтуынша, видеоның тек бір бөлігін қиып тарату – көпшілікті шатастырып, мәселенің толық мән-жайын түсінуге кедергі келтіріп отыр.

«Мемлекеттің ақшасы — біздің төлеген салық. Сондықтан оның әр тиыны есепте болуы керек. Бұл талап қалайша қате болуы мүмкін?», – деп ашық мәлімдеді ол.

Меруерт Түсіпбаева оқырмандарды эмоцияға берілмей, ескі сұхбаттың толық нұсқасын қарап, жағдайға байыппен қарауға шақырды. Оның айтуынша, бұл жағдай – бұрынғы пікірін қазіргі уақытта қайта жаңғыртып, өзіне қарсы бағытталған манипуляцияның бір түрі болуы мүмкін.

Похожие материалы

Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзова жайлы: Мемлекет қаржысы есепсіз қалмауы керек · Todayinfo